Нәтиже сабақ «Танысу»

0
796

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Танысу»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындылап,

фонетиканы пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: фонетиканы меңгеру, өзі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырманы тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 41 Ә) 40 Б) 42 В) 45

2. Жіңшкелік белгісі мен айыру белгісі дыбыстарға жатады ма?

А) иә Ә) жоқ

3. Сызбаны толтырыңдар.

Буын

… … …

4. Қазақ тіліне тән дыбыстарды торкөздерге жазыңдар. Қатаң дыбыстардың астын

сызыңдар.

5. Сөздердің аудармасын табыңдар.

аты-жөні знкаомство

мекен – жай хобби

ермек имя, фамилия

танысу адрес

6. Сөздердің аудармасын жазыңдар.

– Сәлеметсіз бе! –

– Қайырлы күн ! –

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Тест жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау