Қ.Мырзалиевтың «Ана тілі» өлеңі. Тасымал.

0
811

Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырзалиевтың «Ана тілі» өлеңі. Тасымал.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тасымалды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт.тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тасымалды меңгеру, өлең жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма (Тіл туралы Заңды жатқа сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Қ.Мырзалиевтың «Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей.

1. Берілген сөздерді буынға бөліп жазып, екпін түсіру..

2. Тіл туралы бес сөйлем құрау.

ІІ деңгей

1. Берілген сөйлемді буынға бөліп жазып, буын түрлерін анықтау.

2. Тіл туралы сөйлесу құрау.

І деңгей

1. Берілген сөйлемдерден тасымалдауға болмайтын сөздерді табу.

2. Тіл туралы өз пікірін айту.

Ережемен жұмыс

Жазып келе жатқанда сөздің жолға сыймай буынға бөлу арқылы келесі жолға көшірілуі тасымал деп аталады. Мысалы: са-бағы, саба-ғы, т.б. Тасымалдауға болмайтын сөздер:

1. Бір дыбысты ашық буын: О-тан, т.б. 3. Күн, ай, жыл атаулары: 1 қыркүйек, т.б.

2. Қысқарған сөздер: ТМД, БҰҰ, т.б. 4. Қысқарған адам аттары: А.Құнабаев, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

1- тапсырма (Өлеңді жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау