«Математикалық көшбасшы»

0
832
информация

«Математикалық көшбасшы»
Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, жекелей жарыс
Іс-шара мақсаты:
• Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту
• Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қбілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту
• Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жаупкешілікке тәрбиелеу
Жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар
Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар
Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер
Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып
Бәріңізге бір сәлем.

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математика көшбасшысы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық:

1. Бағытжанқызы Бибімариям
Болашақта бастауыш пәні мұғалімі болғысы келеді. Сүйіп оқитын пәндері математика, биология. Бос уақытында тоқыма тоқып, кесте тіккенді ұнатады. Бүгінгі жарыста жеңіп шығу мақсаты.
2. Садықова Назерке
Бос уақытында сабағын оқып, теледидар көріп, далаға шығып достарымен ойнағанды ұнатады. Болашақта киножұлдыз болуды армандайды. Бүгінгі жарыстағы мақсаты – жеңіске жету.
3. Дуйсешова Нұрайым
Болашақта ұстаз болу арманы. Ұнататын пәндері математика және тарих. Бос уақытында сурет салады. Бүгінгі жарыста қарсыластарына қуаныш, өзіне жеңіс тілейді.
4. Махсотов Беслан
Ұнататын пәні ағылшын тілі, математика және қазақ әдебиеті телеарнадан интеллектуалды ойындарды үзбей көреді. Бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады. Болашақта дәрігер болғысы келеді.
5. Рахимберлиева Асемгуль
Болашақта тіс дәрігері болғысы келеді. Сүйіп оқитын пәндері: география, тарих, биология, математика. Тоқыма тоқу, кітап оқу, би билегенді ұнатады. Мақсаты жеңіске жету.
6. Умирзаков Назбек
Сүйікті ойыны тоғызқұмалақ. Ұнататын сабағы тарих, ағылшын тілі, алгебра, болашақта ғарышкер болғысы келеді. Бүгінгі жарыста соңғы кезеңге дейін сүрінбей өтсем дейді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Енді әділқазылар алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Құрметті жиылған қауым, «Жүгірген ала ма, әлде бұйырған ала ма» демекші, ойыншыларға сәттілік тілеп, ойынды бастаймыз. Ойын 6 кезеңнен тұрады.
 Бәйге (10б)
 Математикалық хоккей (20б)
 Ертегілер елінде (10б)
 Тіл – өнер (30б)
 Сырлы сандар әлемі (30б)
 Жорға (10б)
ІІІ айналымнан соң ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады, ал 5-айналымнан соң тағы да 2 ойыншыны шығарып саламыз. «Жорға» айналымы шешуші кезең болып табылады.
Осындай дүбірмен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Сыныптар үміт үзбей қарап отыр,
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан.

І айналым
Бәйге жарысын бастаймыз.
• Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген? ( 7 )
• Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны- а, он саны – в, ал алпыс саны – с таңбаларымен белгіленетін. Мысалы, 22 саны β β α α түрінде жазылатын. Сонда 124 саны қалай жазылады? (ссаааа)
• Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (1-уі тәрелкеде қалады)
• Мұғалім емтиханда 25 сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауап үшін 4 ұпай және қате жауап үшін -1 ұпай алады. Сұрақтардың барлығын шешкенде, 60 ұпай алған оқушы қанша сұраққа жауап берген? (17 сұрақ)
• Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
• Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (АЖҚТ)
• Екі санның қосындысы 8 ге тең, айырмасы 2 ге тең, көбейтіндісі 15 ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3)
• 4 пен 5 тің арасына қандай таңбаны қойғанда 4 тен артық 5 тен кем сан шығады? (үтір)

ІІ айналым «Математикалық хоккей»
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де – есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек

(43*19-26928:33)*(16112:53-304)
ІІІ айналым: «Ертегілер елінде»
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сіздей өренді – Математика сырына, дей келе сайысымыздың ІІІ бөлімі «Ерте-ерте , ерте екен…». Бұл бөлім бойынша қатысушыларымыздың ұпайы аз оқушыларынан бастап кезек-кезегімен ұяшықтарды таңдау арқылы ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды орындауы қажет.
1-ұяшық. «Күлшеқызға көмектес»
Күлшеқыз (Золушка) сағат 12-де үйіне қайтуға асықты. Сатымен төмен қарай түсіп келе жатып, туфлиының бір сыңарын түсіріп алды.
Сұрақ: Сатының 21 баспалдағы бар. Туфлиының бір сыңары жоғарыдан санағанда 10-шы баспалдақта түсіп қалды. Бұл баспалдаққа Золушка төменнен санағанда қандай нөмір береді? (12)
2-ұяшық. «Қаршақызға көмектес»
Өгей шешемнен қорықпас үшін үйді шарбақпен қоршағым келеді. Тік төртбұрыш формалы қоршаудың ұзындығы 6,8 метр, ал ені 5,2 метрге тең.
Шарбақтың ұзындығын анықтаңдар? (24м)
3-ұяшық. «Алладинге көмектес»
Алладин: «Ұшатын кілемнің көмегімен қалаған жеріме тез жетуім қажет. Кей кезде желмен, кейде желге қарсы бағытта ұшамын».
Сұрақ: Егер ұшатын кілемнің жылдамдығы 55,6 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 1,2 км /сағ болса, онда мен желдің бағытымен қандай жылдамдықпен ұшамын? Ал желге қарсы ше?
4-ұяшық. «Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы»
Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңдар:

5-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»
Баспалдақтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз. (20)
6-ұяшық. «ЕСЕПТЕҢДЕР»
Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)
Ұпайы аз екі оқушыны шығарып саламыз, ол үшін әділқазы алқасына сөз берейік………

Жүргізуші:
Ақыл ойлар әлемді арбап алды
Математика ақыл ойдың әуені
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

ІV бөлім «Тіл – өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл – өнер» деп аталатын ІV бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады.
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
2) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)
4) Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)
5) Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать, sooty)
6) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
7) Егер Т-дан бастасаң, санмын.
Т-ны алып тастасаң жаумын. (төрт, четыре, four)
8) Уақыт бірлігі. (сағат, часы, clock)

V-Айналым «Сырлы сандар әлемі» (* / – +)
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз, деп келесі «Сырлы сандар әлемі» айналымына кезек береміз.
Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларын қойып шық таңбаларын пайдаланып):
1. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111-11=100
2. Бес бестіктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5-5*5=100
3. Алты үштіктің көмегімен 1000 санын жаз: 3 3 3 3 3 3 = 333*3+3/3=1000
4. Сегіз төрттіктің көмегімен 500 санын жаз: 4 4 4 4 4 4 4 4=444+44+4+4+4=500
Корермендерге сұрақ:
1. 12-ні 10 есе арттыр (120)
2. 6 2 -6 (30)
3. Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)
4. минуттың 1/60 бөлігі (секунд)
5. 25 % санның қандай бөлігі? (1/4)
6. 1 кандай сандардың көбейтіндісі? (кері сандардың)
7. Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)
8. Қанша қалтам?
Өзімде бар сан қалта
Арт жағында қос қалта
Жейдеде екі төс қалта
Пиджакта екі іш қалта
Бір төс қалта және бар
Сонда есепте, кәне ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы пальтом бар
Онда да төрт қалтам бар? (12)
9. 360 санын 10 есе кеміт (36)

VІ-айналым «Жорға»
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста- деп соңғы шешуші айналым «Жорғаға» кезек береміз.

1. 225 нешенің квадраты
2. Шаманың 1/100 бөлігі
3. Шеңбер сызуға арналған құрал
4. Екі қатынастың теңдігі
5. Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады?
6. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы
7. Екінің алтыншы дәрежесі
8. 45 минут сағаттың қанша бөлігі
9. бұрышты өлшейтін құрал
10. Қыры 5 дм-ге тең шаршының ауданы
11. Әріпті өрнектің алдындағы сандық көбейткіш қалай аталады?
12. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 1. 15
2. (процент)
3. (циркуль)
4. (Пропорция)
5. (Доғал бұрыш)
6. (периметр)
7. (64)
8. (¾)
9. (Тронспортир)
10. 25
11. (Коэффициент)12. (0)

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп кезекті «Марапаттау» бөліміне береміз.