Мұхтар Әуезов
1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрілі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол XIII гасырда Таяу Шығыста тұрған.
Балалық шағының алғашқы әсерлері Шыңғыстаудың далаларымси және тауларымен байланысты болды. Әжесі Дінәсіл өз немересін Абайдың киіз үйіне апарды деген айғақ сақталған, сонда атақты ақын әкелік мейіріммен бала Мұхтардың басынан сипап, ақ батасын береді. Атасы Әуез (1830-1917) Абай өлеңдерінің қолжазбалық кітабы бойынша алты жасар Мұхтар мен ағайын және құрдасы Ахметті араб әліпбиіне үйретеді. ¥стаз-молдаларға еліктеген атасы шәкірттерін таңертеңнен күн батқанға дейін ұстаған, содан кейін күні бойы оқығандарын (жаттағандарын) кешкі астың алдында атасы мен әкесіне жатқа айтып беруді талап еткен.
Мұхтар Әуезов ата-анасынан ертеайырылды: әкесі Омархан 1909 жылы, анасы Нұржамал 1912 жылы дүние салды. Кішкентай Мұхтар немере ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленеді, медреседе бір жыл оқығаннан кейін 1907 жылы Қасымбек оны Семейдегі 5-кластық қалалық орыс училищесіне Шыңғыс болысының земстволық станциясына оқуға орналастырады. Орыс мектептері аудармашы-тілмаштарды, әкімшілік аппараттық кішірім қызметкерлерін даярлайтын еді. 1912-1913 оқу жылында Мұхтар оқытушылар семинариясының бірінші класын (сыныбын) наградамен аяқтайды да, ал оқуын Семей оқытушылар семинариясында 1919 жылы тәмамдайды (бітіреді).
Семинарияның оқытушылары Әбікей Сәтпаев, И.В.Малахов, Николай және Виктор Белослюдовтар, Н.Е.Коншин, Нәзипа және Нұрғали Күлжановтар, В.И.ІІопов, Н.Сулима-Грузинский, В.М.Морозов қазақтың халық әдебиеті мен тіліне, орыс және әлем әдебиетінің классикасына баулып, негізгі салалар бойынша білімнің негізін қалады. Шәкірт Әуезов педагогтардың айтуынша мінсіз тәртібімен, айрықша дарындылығымен, тектілігімен, аса сыпайы мінез-құлқымен, сымбатты дене пішімімен және қайсыбір ақсүйектік маңғаздылығымен өзгелерден дараланған. Тамаша спортшы қаладағы бірінші «Жарыс» футбол командасында ойнаған. Болашақ жазушының айтуы бойынша, орыс мектебі «өзінің айқара ашылған ақжарқын құшағымен тартқан».
Шәкірт қезінде Мұхтар өзінің атасы, Абайдан бірнеше жас үлкен Әуездің Құианбай туралы естеліктерін жалықпай тыңдайды. Бүкіл ғұмырында тағдыр Мұхтар Әуезовтың болашақ бас кейіпкерімен біте қайнастырады: немересінің шілдеханасына байланысты Әуез жасаған әулеттойына тікелей қатысуы арқылы Абай құрмет көрсетті. Абайдың әкесі қарт Құнанбайдың көп әйелдерінің бірі Нұрғаным Әуездің қарындасы еді. Мұхтар кейіннен Абайдың ұлы Тұрағұлмен дос болады және ұлы ақынның немересі Мағауия қызы Кәмилаға үйленеді. Осы жәйттерді Әуезовтың өзі былай баяндайды:
Ойға алған романды жазбас бұрын ақынның творчествосын және өмірбаянын зерттеумен шұғылдандым. Абай шығармаларының толық жинағына редактор болдым, оның өмірбаянын жаздым, ақын мен оның дәуіріне байланысты тарихи материалдарды жинадым; қазақ халқы мәдениетінің тарихын аса жетік білетін орыс жазушысы, менің досым Леонид Соболевпен бірлесіп ақын өмірінің соңғы жылдарын бейнелейтін «Абай» трагедиясын жаздым.
Абай жайында материалдар жинағанда тарихи романдар авторларының талайы-ақ біле бермейтін өзгеше бір жәйттерге тап болдым. Өйткені, Абайдың өмірі мен еңбегі, түр-түсі мен сипаты жайында қағазға түскен немесе жарияланған бірде-бір дерек, өзінің жеке архиві мен күнделігі, хаттары мен мемуарлары, тіпті замандастарының ақын жайында хатқа түскен естеліктері сақталмаған. Ақынның өміріне байланысты деректер мен романның бүкіл оқиғаларын Абайды көзімен көрген, жақын білген жандардан ұзақ уақыт бойына ауызба ауыз сұрау, әңгімелесу арқылы жинауға тура келді. Олардың көбі кәрілік меңдеген шалдар еді. Сондықтан олар өткен күндердің белгісін де, адамдардың бейнесі мен сөйлеу мәнерін де, оқиғаларды да ұмытыңқырап қалған. Абайдың шәкірті Көкбаймен де әңгімелестім. Ақынның ең жақын достарының ішінен біздің заманымызға дейін көзі тірі жеткен сол ғана болатын. Көкбай 1927 жылы қайтыс болды. Ол Абайдан аттай он алты жас кіші еді. Сондықтан ақынның жастық шағы жайында ештеңе айта алмады.
Роман жазам деген ойда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылмай, ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. Құнанбай жайын да жақсы білетін. Абайдың алғашқы әйелі Ділданы да сол жылдары көрдім. Мосқал тартып қалған болатын. Абайдан соң он жылдан кейін барып дүние салған, оның айнымас азбас жары Әйгерім небір қымбат жәйттерді әңгімелеп берді.
Материал жинай жүріп, мен Абайдың достарымен, сыйластарымен, бұрып қысастық жасаған жауларымен де әңгімелесіп көрдім. Олардың ішінде Абайдың тұрғыластары да, солардың ұрпақтары бар еді. Соншама ізденудің арқасында болашақ қаһарманым жайында аса көп материал жинағаным соншалық, Горькийдің: «Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз», – деген ұлы өсиетін іштей қайталап айта беруден танғаным жоқ. Тіпті қазір Абайдың балалық жәие жастық шағы жайындағы роман тәмам болған соң да сол кітапқа кірмей қалған материалым мейлінше көп екенін көрдім, Соған иек арта отырып қаһарманымның өмір жолының сол кезеңі жайында тағы бір кітап жазуға болар еді. Материалдың молдығы менің еңбегімнің сәтті боп шығуына аса көп септігін тигізді.
Бірақ материал жинауда талай-талай қиындық та болды. Өзіммен әңгімелескен қарттардың көп нәрсені ұмытып қалған көкірегінен өткен күннің сырларын ұғуға, оқуға тура келді. Абайдың әр алуан замандастарының айтқандарын салғастыра отырып, көп нәрсені өз ойыммен топшыладым.
Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтаған менің халім де сондай еді. Сөйтіп, мен қарт адамдардың комескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетін қарап, оның бір кезде Абайды ынтықтырған жас шырайлы сұлу жүзін көз алдыма елестетуім де солай еді.
Бірте-бірте өз халқының көкірек көзі болған Абаймен бірге мен де сол халықтың жан-жүрегін ұғуға және соны бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға тырыстым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған Абайдың толғаулы ойлары мен әрекеті, кәрілік меңдеген шақтағы халық қамқоры, халық ұстазы болған Абайдың тартысы мен тақсіреті міне осының бәрі сол дәуірдегі халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға бастайтын жол еді.
Халықтың көрер көзі, лүпіл қаққан жүрегі, дала ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы талабы мен асқақ ой-сезімінің, жан-жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады.
Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем.
1917 жылы Әйгерімнің киіз үйінде Абайдың немересі Ақышты ұзатуға байланысты сый ретінде Мұхтар Әуезов жазған «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды, Абайдың немерелері мен пьеса авторының жақын туыстары алғашқы әуесқой әртістер болды, әрі әйел ролдерін ауыл жігіттері ойнады. Қазақ тіліндегі осы тұңғыш пьеса 90 жыл бойы сахнадан түспей келеді.
1917 жылы жазда ескі салт және жақын туыстарының қалауы бойынша Мұхтар 15-жасар Райхан сұлуға үйленеді. 1918 жылы ерлі зайыптылардың отбасында Мұғалима есімді қыз дүниеге келеді, әкесі қызына өмір бойы қамқорлық көрсетіп өткен. Мұғалима-апаның өзінің айтуынша, ауылдағы шілдехана-тойға Сұлтанмахмұт ‘Горайғыров, семинаристер Қаныш Сәтпаев пен Әлкей Марғұлан қатысқан. Содан бір жылдан кейін Шоқан атты ұлы туылып, сәби кезінде шетінеп кетеді. 1920 жылы Райхан 18 жасқа толғанда Мұхтар онымен ажырасады.
1917 жылы Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбск Аймауытов Семейде Абай» журналын шығарады, 12 нөмірден кейін журналды идеологиялық себептер бойынша жауып тастайды. 1919 жылы 1 желтоқсаннан Семейде Кеңес өкіметі (билігі) түпкілікті орнайды. 1919 жылы Коммунистік партияның қатарына кірген Мұхтар Әуезов содан кейін партиялық бағыт бойынша Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы және Орынбордағы ҚазОАК-нің хатшысы лауазымына дейін көтеріледі, осы қызметтерді атқарумен қатар ол драматургия мен журналистика саласында да күшін сынап көреді. 1919 жылы қазан айынан М. Әуезов Колчакқа қарсы астыртын ұйымға қатысады. Семей облревкомы бойынша бұйрықтар кітабынан алынған үзіндіге сәйкес М.Әуезов 1919 жылы 23 желтоқсаннан облыстық ревком басқармасының бүратана