Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру негізіндегі, өзіндік инновациялық іс-тәжірибе жобасы

0
1582
информатика

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ БӨЛІМ—————————————————————-3-5 бет

ІІ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Мұғалімнің өзіндік білім көтерудегі қолданатын негізгі

инновациялық әдістері———————————————————- 6-10 бет

2.2 Педагогика-психологиялық зерттеулер —————————— 11-15 бет

ІІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Іс-тәжірибе жобасының мазмұны мен құрылымы——————-16-17 бет

3.2 Жоба бойынша жүргізілген практикалық жұмыстар—————-18-19 бет

Қорытынды ———————————————————————–20-23бет

Ұсыныстар—————————————————————————-24бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері, соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Бүгінгі әлем жаһандану үрдісінде жүріп жатыр. Жаһандану дегеніміз-бәсекелестік. Соңғы 10-15 жылда бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды. Ол жаһандық экономиканың жаңа сапаға – «білім экономикасына» өтуі. Әлемдегі өркениетті дамыған мемлекеттер өзінің даму сатысының бір кезеңін аяқтап, «жаһандық ортақ білім санасы» деген бәсекеге қабілеттіліктің жаңа бағытына бет бұрды. Қазіргі кезде әлемдегі құрлықтар, мемлекеттер, ұлттар тіпті адамдар арасында бәсекелестік күшеюде. Бүгінгі мемлекеттер арасындағы бәсекелестік өзінің интеллектуалды ресурстарымен бәсекеге түседі, бәрінен бұрын адам потенциалының даму индексі бойынша ұлттың қабілеттілігі қазіргі заманғы «интеллектуалдық потенциалға» көбірек аударылады ол дәл бүгінгі қоғам дамуындағы бәсекеге қабілеттіліктің жаңа бағыты үшін аса маңызды. Осыған орай, еліміздің басты бағыттарының бірі – қазіргі ғылым мен білімді барынша дамыту болып отыр.

Еліміздің экономикалық даму қарқыны жоғары болғанымен, ғылым мен өндірісті ұштастыру, техникалық даму үшін еліміздегі оқу сапасы әлемдік стандарттар талабына сәйкес келмей отыр. Сондықтан, біз, яғни, ғалымдардан бастап, ұстаздар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, барлық білім беру орталықтарындағы қызметкерлер, ата-аналар, тіпті бүкіл халық болып өз ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді жаһандануға қарсы тұра алатындай деңгейде шыңдауымыз керек.

Ғалымдар оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновациялық технологияларды енгізіп, тарату мәселесін зерттей отырып, қазіргі мектептерге ғылыми ізденіс мәдениетімен қаруланған, жаңа формациядағы мұғалім керектігін айтады және педагогикалық инновацияның негізгі міндеті-енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау-жіктеу-таңдау деп санайды. Бұл бүгінгі педагогтардың білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауға арналған «өзіндік жаңалығы» болуы қажет және бұл барлық ұстаздарға міндетті түрде жаңалық ашу да емес, әр мұғалімнің жүйелі зерттеу жұмысы болуы, және сол арқылы мұғалімнің жасаған өзіндік инновациялық іс-тәжірибе технологиясының жобасы болуы керектігін міндеттейді деп ойлаймын. Бұның бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.

Осы міндетті іске асыру мақсатында, оқыту мен тәрбие беруде «Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру негізіндегі, инновациялық іс-тәжірибелері» жобасының үлгісін ұсынып отырмын.

Жоба жұмыстарының өзектілігі: Қазіргі ұстаздарға өз жұмыстарын ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, өзінің құзырлық деңгейін үнемі жетілдіріп, ойлау, ізденімпаздық қабілеттерін, білімін ғылымның кейінгі жаңалықтарымен үнемі толықтырып, дамытып отыруы өте маңызды. Себебі, қазіргі қоғамда бәрі де тез өзгереді. Әрбір тоғыз айда адамзаттың ақпарат қоры екі есе көбейсе, ғылым мен техникада пайда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар мамандардың біліктілігін шамамен елу пайызға дейін төмендетеді екен. Дегенмен, қандай деңгейдегі теориялық дайындық болмасын, қазіргі заман көшіне толықтай ілесе алмайды. Бұл-біздің ғана емес, бүкіл дүние жүзі елдерінің ортақ мәселесі. Осыған орай, кез келген оқу материалы, тіпті қолданылатын педагогтік әдіс-тәсілдер де білім берудің барлық сатыларында, жаңаша әдістермен үнемі толықтырылып, халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық мәдениетпен, жергілікті деректермен етене байланыста болып, жаңарып отырғаны дұрыс. Бүгінгі күн ескі әдістен шыға алмаушылықты, бір сарындылықты, көтермейді. Өйткені алға қойылып отырған жаңа мақсаттарды жаңаша ойлай білетіндер ғана жүзеге асыра алады. Халықаралық «МакКинзи» компаниясының: «Кім білімді, сол мықты!» немесе «Алға жылжы немесе жолды босат!» деген принципімен жұмыс істей білуге үйрену қажет. Бұл оңай емес, болашақтың адамын қалыптастырып жатқан мектеп ұстаздарының бүгінгі күнгі талдайтын да, зерттейтін де өзекті тақырыптары осы принципке көшу деп ойлаймын.

Сондықтан, менің кәсіптік құзырлылықты қалыптастырудағы басты ұстанымым: «Уақыт өзгереді, және бізде онымен бірге өзгереміз»

«Времена меняются, и мы меняемся с ними»

«TEMPORA MUTANTUR, ET NOS MUTAMUR IN ILLIS»

Жобаның мақсаты: Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруы мен дамуы жолындағы ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулануы және озық тәжірибелерді меңгеру мен инновациялық даму қағидалары негізінде өзіндік білім беру технологиясының мазмұнын, құрылымын жаңарту.

Міндеттері:

ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашыл түрлері мен әдістерін ізденуде, оны өзінің тәжірибесімен үйлестіре білуде, мұғалімнің кәсіби құзырлығын қалыптастыруы мен біліктілігін үздіксіз арттырып отыру; (өзіндік білім көтеру)

ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жеке тұлғаның шығармашылық потенциалын көтеру, білім берудің жаңашылдық бағытына сәйкес инновациялық-креативті білім беруге көшу және болашақта белгілі бір кәсіпке даярлау; (оқушымен жұмыс)

қоғамда жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбие берудің ұлттық жүйесін жаңаша ұйымдастыруда, мектеп пен отбасы тәрбиесінің сабақтастығын жетілдіру; (ата-анамен жұмыс)

Жоба жұмысының тәжірибелік маңыздылығы ұлттық тәрбие берумен, ұлттық білім беру жүйесін жаңаша құру. Қазақ Рухының иновациясы мен технологиясын жасайтын да, оны айқындайтын да, осы екі жүйе болып табылады. Болашақ ұрпақтардың келешегі мен өркениеті осы екі жүйенің дұрыс шешілуі мен жетілуіне байланысты.

Әлемдік кеңістікке жолдама алған Қазақстандық білім мен ғылым ендігі жерде ықпалдасудың рухани тетігіне айналдыру мәселесі – бай тәжірибеден үйрену және әлемдік ізденісті отандық ғылым мен білімде орнықты қалыптастыру. Бұл біздің өркениеттілікке жетуіміздің ең маңызды бағыты болмақ. Осы бағытты іске асыра алсақ ұлттық тәрбие берумен, ұлттық білім беру жүйесін жаңаша құра аламыз деп ойлаймын.

Сонымен, іс-тәжірибе жобасының тәжірибелік маңыздылығы мынада:

– ақпараттық ресурстар арқылы мұғалімнің үздіксіз, жүйелі түрдегі іздену-танысу-талдау барысындағы ғылыми-ізденіс мәдениетін қалыптастыруы;

– педагогика-психологиялық инновацияның озық деп танылып, енгізіліп отырған жаңаша әдістерін өз тәжірибесінде қолдану барысындағы таңдау-топтау-жіктеу арқылы диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуі;

– эксперименттік қолдану-сараптау-бағыттау барысында тәжірибелік сынақтан өткізіп, нәтиже мен жетістікке жету және мамандыққа дайындауы;

Білім беру жүйесіндегі инновациялық озық технологиялардың ең үздік әдістемелік теорияларымен таныса отырып топтау, оны талдап, саралай отырып таңдап алу және өз тәжрибемізде қолдану арқылы нәтиже мен жетістікке жету зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы болып табылады.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Предыдущая статьяМоя любимая школа
Следующая статьяНадежда