Иондық байланыс.

0
1201
информатика

№3 с а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы : Иондық байланыс.

С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : Оқушылардың ковалентті байланыстың түрлері, элемент атомдарының терісэлектрлік түсінігін қолданудағы шеберлігі мен дағдыларын арттыру. Ионды байланыс табиғаты туралы түсінік беру. Ионды қосылыстар түзілуінің сызбанұсқасы мен химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету.

Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : «Химиялық байланыстар», «Ионды байланыс» интерактивті тақтадан көрсетілетін көрнекілік.

Ж а ң а м а т е р и а л д ы б а я н д а у . Бұл сабақ өткен сабақтың жалғасына жатады деуге болады. Оқушылардан ковалентті полюсті және полюссіз байланыстардың қалай түзілетіні элементтердің терісэлектрлік ұғымы туралы сұралып, ионды байланысты қарастыруға кірісеміз. Ол үшін мына жағдайды сипаттаймыз:

Ионды байланыс – терісэлектрлік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай). Бұл кезде терісэлектрлігі нашар элементке терісэлектрлігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады. Оқушыларды қатыстыра отырып ионға анықтама беріп, атомның ионға айналу процесін былай көрсетеміз:


+11 Na0 2e, 8e, 1e + F 2e , 7e → Na+F


e

Na0 + F → Na+F

Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2.

Оқушылардың назарын төмендегі жағдайға аударамыз. Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады:

Na+, Cl, Mg2+, Al3+, Ca2+, S4+.

Оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту. Әр түрлі байланыстардың түзілуі механизмінің негізгі теориялық маңдайын ұғу және түсіну үшін төмендегі жаттығуларды орындату қажет:

Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3.

Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер.

Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер.

Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле:

а) Li + O2 → б) Cs + S →

ә) Ca + F2 в) Na + F2

Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:

Na+ және Na0 Mg2+ және Mg0 N3- және N0

S2- және S0 S2- және S0

Ү й г е т а п с ы р м а б е р у: §61 3-4 жаттығуларды орындау

химия