Пән: Информатика. Сынып 11 (Сағат саны: 17)

0
1770

Список тем:

  1. Ақпараттық жүйелер ұғымы.
  2. Ақпараттық жүйенің құрылымы.
  3. Microsoft Access 2003 жалпы түсінік.
  4. Деректер қоймасын құру.
  5. Кестелер қүру.
  6. Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері.
  7. Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау.
  8. Деректерді іздеу және ауыстыру.
  1. Деректерді іздеу және ауыстыру.
  2. Сұратулар көмегімен кестеден деректерді таңдау.
  3. Зертаханлық жұмыс
  4. Интернет желілері.
  5. Интернет сервистері
  6. Интернеттен ақпарат іздеу.
  7. Internet Explorer – де жұмыс жасау.
  8. Зертханалық жұмыс.
  9. Web-программалау. Web-құжаттар құру негіздері.

Примеры уроков:

Сабақ 12.

Интернет желілері

Тақырып: Интернет желілері.

Мақсат:

Оқушылардың интернет желісі туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттер:

Білімділік:

Оқушыларды интернет желісімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық.

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік.

Құрал-жабдықтар: компьютер, бейнепроектор, электрондық оқулықтар, таратпа, Power Point- та жасалған слайдтар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ермеков, Информатика 11 сынып, оқулық, ЖМБ
  2. Н.Ермеков, Информатика 11 сынып, әдіст. нұсқау, ЖМБ
  3. Н.Ермеков, Информатика 10-11 класс, Базовый курс
  4. www.infust.kz, www.ustaz.kz

Сабақтың жоспары:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (2мин)
  • а) ұжымдық әрекет;
  • ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
  • б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
  • в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  1. Үй тапсырмасын тексеру (3-5 мин)
  2. Жаңа сабақ түсіндірілуі (3-5 мин)
  3. Сергіту жаттығулары (2 мин)
  4. Сабақты бекіту (тапсырмаларды орындау) (10-15 мин)
  5. Сабақты қорытындылау
  6. Үйге тапсырма беру

Үй тапсырмасы:

«Сұратулар көмегімен кестеден деректерді таңдау» тақырыбы бойынша сұрау немесе тест алу.

Жаңа сабақ түсіндірілуі:

Екі немесе одан да көп желілерді байланыстыру кезінде желіаралық байланыс құрылады. Қазірде бүкіл әлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Осылайша бір – бірімен байланысқан миллиондаған компьютерден құралған ақпараттық өріс құрылды. Осы ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды.

  1. Интернет желісі, пайда болуы.
    Интернет – миллиондаған компьютерді ақпаратқа шексіз қол жеткізетін және түрлі амалдармен қатынас жасайтын мүмкіндігін ұсынатын жүниежүзіндегі ең танымал және ең үлкен желі. Бүгінде осы ақпараттық кеңістікте бірнеше млн. Пайдаланушы қосылған. Әр пайдаланушы одан өзіне керектісін тауып, оған керекті дегенді береді. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен толығып отырады.
    Internet – 1969 жылы АҚШ – та осы елдің Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасаған, Arpanet желісінен пайда болды. Arpanet оқу орындарын, әскери медігерлерді біріктіретін желі. Бұл желі алғашында жақындағы компьютерге бағдарлама енгізуге мүмкіндік берді. Көп ұзамай бұған файлдарды, электрондық поштаны және тізімді жіберуді қосты. Бұл желінің өсуіне орай басқа да желілер дамып, бір – бірімен жалғасты. Осылай бір – бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
  2. Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты эпровайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

Провайдер таңдау.

Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.

Қазақтелеком ұсынған тариф – Mega line. 2006жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с.

Mega line түрлері

3. Интернет сервистерінің бірі – электрондық пошта.

Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі – электрондық пошта. Компьютердегі желі арқылы бүкіл дүниеге ақпараттарды таратуға болады. Ақпарат: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. Хабар алмасудың мүндай жүйесі электрондық пошта ( e – mail ) деп аталады.

Электрондық пошта деп – компьютер желісінде электронды хат алмасу жүйесі. Электрондық поршта көп жғанынан кәдімгі поштаға ұқсайды.

Интернетке қосылу кезінде тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындайды. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер – компьютерде электрондық « пошта жәшігі » құрылады. Адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылуға дейін сақталады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін адресті ( e – mail ) дұрыс көрсетуі керек.

Жаңа тақырыпты бекіту

«Интернет желілері» тақырыбы бойынша сұрақтар қою.

Үйге тапсырма: Интернет сервистері