№8-інші сабақтар тақырыбы: Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заңның маңызы.
Оқыту мақсаты: Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту. Негізгі топ элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру.
Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі.
Тірек білім мен біліктер: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі . Оқушылар мына сұраққа жауап береді.
Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.
Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?
Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?
Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?
Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.
Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.
Белгілері |
Периодтар |
|
кіші |
үлкен |
|
Период нөмірлері |
1,2,3 |
4,5,6,7 |
Элемент саны |
2 және 8 |
18 және 32 |
Қатар саны |
бір |
екі |
Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері |
Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады. |
Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады. |
Период бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері |
Металдық қасиеті тез кемиді |
Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан) |
Жаңа тақырыпты оқыту. Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.
Жоғары оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.
Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.
Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады. Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.
Қасиеттер |
Өзгерістер бағыты |
|
Негізгі топшада |
Периодтарда |
|
Металдық |
өседі ↓ |
өседі ← |
Бейметалдық |
өседі ↑ |
өседі → |
Оттек бойынша валенттігі |
тұрақты,топ нөміріне сәйкес |
1-ден 7-ге дейін өседі |
Сутек бойынша валенттігі |
тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең |
4-тен 1-ге дейін кемиді |
Ядро заряды |
өседі ↓ |
өседі → |
Салыстырмалы атомдық массасы |
өседі ↓ |
өседі → |
Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:
Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.
Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.
Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн:
Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру;
Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.);
Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау;
Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;
Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу;
Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау;
Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:
Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?
Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.
Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?
Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?
Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?
Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?
Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?
Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?
Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?
Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырм