Химия 8 класс на казахском

Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталау.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Күні: Сыныбы:

Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататын заттардың құрамын,қасиеттерін салыстыра білуге,заттарды жіктеп,олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімін қорытындылауға үйрету және дамыту.

Реактивтер мен құралдар: Барий хлориді,күкірт қышқылы,әкті су ерітінділері, шыны түтік, сынауықтар.

Лабораториялық тәжірибе: Қышқылдық оксидтің және қышқыл химиялық қасиеті.

Сабақ барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру. Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататы- нын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олар- дың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру.Қысқа мерзімдік жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұны орындау барысында оқушылардың келесі сабақта өткізілетін практикалық не бақылау жұмыстарына дайындау жүзеге асырылады.

Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталаудың негізгі мақсаттары:

1-жұмыс. Генетикалық байланыс,генетикалық қатар ұғымдарын пайдалана білу.

2-жұмыс. Реакция теңдеулерін құрастыру,теңдеу бойынша есептеу есептері шығару.

3-жұмыс.Есептің берілгені бойынша мазмұнын құрастыра білу.

4-жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттай білу.

5-жұмыс. Эксперименттік есептерді шығару білігін бекіту.

1 – нұсқа.

1.Магний элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр.

2.Зат мөлшері 3моль магний оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын анықта.

3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар:

Хг 16,42г

CaO + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2O;

4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) натрий гидроксиді; ә) күкірт қышқылы;

Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет.

5.Әкті су ерітіндісі берілген. Шыны түтік арқылы оған көбірек үрле, нәтижесінде ерітінді лайланады.Бұл құбылысты реакция теңдеуін жазу арқылы дәлелде.

2 – нұсқа.

1.Көміртек элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр.

2.Массасы 10г магний оксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеу..

3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар:

3,72г Хлитр

Ca(OН)2 + СО2 = CaСО3 + H2O;

4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) барий гидроксиді; ә) тұз қышқылы;

Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет.

5.Барий хлориді ерітіндісі берілген,оған қүкірт қышқылын құйғанда тұнба түзіледі. Тұнбаға түскен қандай зат? Реакция теңдеуін жаз.

Үйге тапсырма : §44-49 қайталау.

химия

 

Ещё уроки серии

Все 69 уроков
  1. Бақылау жұмысы 2
  2. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.
  3. Бейтараптану реакциясы.Сілтілермен жұмыс істегендегі сақтық шаралары.
  4. Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы.
  5. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.
  6. Еріген заттың белгілі массалық үлестері бар заттың ерітінділерін дайындау.
  7. Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)
  8. Зат массасының сақталу заңы
  9. Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.
  10. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Химия в 8 классе

Все предметы 8 класса