Азық-түлік дүкенінде. Септік жалғаулары.

0
788

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік дүкенінде. Септік жалғаулары.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

септік жалғауларын қорытындылау , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: септік жалғауларын меңгеру, азық-түлік дүкені жөнінде өз пікірін

айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің қиялымдағы қала» тақырыбындағы әңгімелерін тексеру. 4 – тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Төмендегі берілген сөздерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар.

2 – тапсырма. Азық-түліктің бағасын көрсетіп, сөйлемдер құрастырыңдар.

3- тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

4 – тапсырма. Жаңылтпашты түсініп оқып, тез айтуға жаттығыңдар.

5 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Зат есім туралы ережені айтып беріңдер. Мұғалім сөзін септеңдер.

2. Достық, көшелер, қала, жүргізуші, даңғылда сөздерін құрамына қарай талдаңдар.

ІІ деңгей.

1. Септіктердің сұрақтарын, жалғауларын атаңдар. Мысалдар келтіріңдер.

2. Қала сөзін септеңдер. Екі сөйлем құраңдар.

І деңгей.

1. Септік және көптік жалғауларының айырмашылығын түсіндіріңдер. Жасалу жолдарын айтыңдар.

Ережемен жұмыс

Септік жалғауларын қайталау

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

4 – тапсырма (жаңылтпашты жаттау) 5-тапсырма (деңгейлік тапсырмаларды орындау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау