Қазақ тілі 3 класс на казахском

Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 3- сынып Тақырыбы: Менің Астанам

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Менің Астанам

Сабақтың мақсаты:

Астанаға саяхат жасау.

Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту. Астана қаласы туралы қысқаша мәлімет беру.

Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: оқу, баяндау, аудару, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың суреттері. Бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, отырғызу, түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ.

Сөздік: астана-столица

Болдым- был (-а)

Тұрады – живет (-ут)

Күтіп тұр- ждет (- ут)

1-Тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Астана

Астанам, жас қалам

Мақтанышым бас қалам

Көгінде шырқалсын

Шаттықты асқақ ән

Астанам, жас қалам

Мақтанышым бас қалам

Келешек бақ күнге

Жолшы бол бастаған

Ардақты Астанам.

(Ж. Батайұлы)

2-Тапсырма. Мәтінді түсініп оқы, аудар.

Мен биыл Астанада болдым.Астана-әдемі қала. Астанада көп жаңа үйлер бар. Астанада менің атам мен әжем тұрады.

3-Тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Астана……..? Тараз……?

Көкшетау…..? Ақтау…..?

Шымкент…….? Ақтөбе………..?

Талдықорған……? Өскемен…….?

Сергіту сәті:

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

А – дейді, Б- дейді

Р-ғатілі келмейді

4-Тапсырма. Толықтырып жаз.

Мен Астанада тұрамын. Үйім ——————– көшесінде. Үй —————— қабатты.

Менің пәтерім ———— қабатта. —————— бөлме бар.

Қорытындылау:

Астана қандай?

Астанада кім болды?

Астанада не бар?

Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан балаларға тиістібағасын қою.

Үйге тапсырма беру: сөздік жаттау.

 

Ещё уроки серии

Все 25 уроков
  1. Тақырыбы: Спорт алаңында
  2. Тақырыбы: Стадион
  3. Тақырыбы: Қала стадионында
  4. Тақырыбы: Ұлттық ойындар
  5. Қазақ тілі 3 сынып Сабақтың тақырыбы: Асханада
  6. Қазақ тілі. 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: АҢДАР
  7. Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 3- сынып Сабақтың тақырыбы: Дәрігерлік бөлмеде.
  8. Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 3- сынып Сабақтың тақырыбы: Мектеп
  9. Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 3- сынып Тақырыбы: Менің ауылым
  10. Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 3- сынып Тақырыбы: Үлкен қалада.

Қазақ тілі в 3 классе

Все предметы 3 класса