Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 3- сынып Сабақтың тақырыбы: Дәрігерлік бөлмеде.

0
924
физика

Сыныбы: 3

Білімділік: Білім сапасына сабақ сайын мән беріп, арттырып отыру. Оқушылардың сөздік қорын ұдайы бақылап, толықтырып отыру.

Дамытушылық: Әр тақырыпты өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, сөздік қорларын бақылап, тілдесім қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, әлеуметтік және көпшілік орындарда өзін әдепті ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Өткен сабақтарды бекіту.

1. Кесте қағаздарда жазылған көмекші сөздерден сөз тіркестерін құрау.

Мектеп-тікі, біз-дікі, Асан-дікі және т.б.

2. Төмендегі сөйлемдерді жазып, қазақшаға аудар, айырмашылығын байқа.

Наш дом. Дом – наш.

Моя комната маленькая. Маленькая комната – моя.

Моя тетрадь. Тетрадь – моя.

Это пальто – ваше?

ІV. Сөздік жұмыс.

V. Мәтінді оқып, аудар.

Балалар мектептің дәрігерлік бөлмесінде тұр. Мектепке емханадан дәрігерлер келді. Олар балалардың денсаулығын тексерді. Дәрігер апайдың аты – Анна Васильевна. Ол – жақсы дәрігер.

VІ. 2-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Ү л г і э т а л о н ы

ІІ деңгей

дәрігер бала дәріхана ауырды тыңдады

дәрігерлік бөлме

Ү л г і э т а л о н ы

ІІ деңгей

Бұл – бөлме. Дәрігерлік бөлме. Самат ауырды. Дәрігерге келді. Дәрігер тыңдады.

Ү л г і э т а л о н ы

ІІ деңгей

Бұл – дәрігерлік бөлме. Балалар дәрігерлік бөлмеге келді. Мектепке дәрігерлер келді. Олар балаларды тексерді.

VІІ. 3-тапсырмадағы диалог бойынша жұптық жұмыс істеу. Тапсырманы сауатты оқу дағдысын шыңдау үшін мәнерлеп оқу, кейін практикалық жұмыспен жалғастыру.

Тест сұрақтары

1. Емхана сөзінің аудармасы:

а) больница

ә) поликлиника

б) аптека

2. Дәріханада не сатылады?

а) жидек

ә) ойыншық

б) дәрі

3. Ауру адамға нені шақырады?

а) жедел жәрдемді

ә) мұғалімді

б) шаштаразды

4. Мектептің дәрігерлік бөлмесінде не тексереді?

а) дәптер

ә) денсаулық

б) сөмке

5. Мектеп деген сөзге қандай жұрнақ жалғанады?

а) -тікі

ә) -дікі

б) -нікі

6. Әкем деген сөзге қандай жұрнақ жалғанады?

а) -тікі

ә) -дікі

б) -нікі

VІІІ. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін бекіту мақсатында 4-тапсырманы орындату. Оқылым, айтылым, жазылым әрекеттерін жандандыру.

ІХ. 5-тапсырма бойынша сабақты қорытындылау.

Х. Үйге тапсырма. 3-тапсырманы ауызша, 1-тапсырманы жазбаша орындау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь