Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ»- ақылдылар ойыны. Б/ж

0
823
науки информатики

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: бақылыау сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Мәтінді екі рет оқу, аудару, мазмұнын ұғындыру.

3. Тақтаға қиын сөздерді жазу:

Түрлерінің

Дөңгелете

Орналастырылған

Үйретуге

Өткізіліп тұрады

3. Үшінші рет оқи бастағанда, оқушылар жаза бастайды.

«Тоғызқұмалақ» – ақылдылар ойыны

«Тоғызқұмалақ»- қазақ халқының ұлттық ойындарының ішіндегі күрделі де қызықты түрлерінің бірі. Ғалымдардың айтуынша, бұл ойынды қойшылар ойлап тапқан.

Мал бағып жүрген қойшылар жерді дөңгелете сызып, шұңқырлар қазып, оларға қойдың құмалақтарын теңдей бөліп орналастырған. Әр ұяшыққа тоғыз құмалақтан, барлығы сексен бір құмалақ теңдей бөлініп, орналастырылған.

«Тоғызқұмалақ» бала логикасын дамытуға, есептеуді үйретуге зор әсер етеді. Қазіргі күні Қазақстан Ұлттық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылып, жыл сайын спартакиадалар өткізіліп тұрады.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сыныпты оқушыларының нұсқаларын анықтауға көмектесу.

Парақшаларды тарату.

Грамматикалық тапсырмалардың орныдалуын қадағалау, тексеру.

І нұсқа

1. Сөйлемді реттік сан есімдермен толықтыр.

Қазақстан командасы Лондон олимпиадасында ауыр атлетикадан … орынды, бокстан … орынды иеленді.

2. Берілген сөйлемдегі етістікті ортақ етіс формасына айналдырып, сөйлемді қайта жаз:

Үлгі: Әсет пен Сапар үй тапсырмасын орындады. – Әсет Сапарға үй тапсырмасын орныдауға көмектесті.

Бағлан мен Әлия дүкеннен азық- түлік әкелді.

ІІ нұсқа

1. Сөйлемді реттік сан есімдермен толықтыр:

Лондон олимпиадасы … жылы болып, онда Қазақстан командалық есепте … орын иеленді.

2.Берілген сөйлемдегі етістікті ортақ етіс формасына айналдырып, сөйлемді қайта жаз:

Үлгі: Әсет пен Сапар үй тапсырмасын орындады. – Әсет Сапарға үй тапсырмасын орындауға көмектесті.

Салтанат пен Гүлім үй тазалады.

V. Сабақты қорыту: Реттік сан есімнің жұрнақтарын жалғап жазу:

2010

145

65

851

104

364

78

VI. Үй тапсырмасын беру: қайталау

VII. Бағалау