Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.Дене шынықтыру
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Қазақтың спортшылары туралы әкелген қосымша мәліметтерін тыңдау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Мәтінді оқу, түсіну. 161- бет 1- тапсырма
2. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсымаларды орындау.
ІІІ деңгей
Төменде берілген сөздер мен тіркесті сөздерді пайдалана отырып, диалог құраңдар.
Салауатты өмір, спорт залы, спорт кешендері, волейбол, шыдамдылық
ІІ деңгей
Спорт түрі волейбол туралы хабарлама жасаңдар.
І деңгей
ІІІ деңгейдегі берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрап жазыңдар.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Мәтіннен тіркесті сөздерді атау
V. Сабақты қорыту: Сұрақтарға жауап беріңдер:
– Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба?
-Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
– Жақын арада спорт бәсекелері бола ма?
-Сіздің қалаңыздың спорт сарайына қанша көрермен сыяды?
– Алматыдағы ең үлкен стадион қайсысы?
– Сіз спортпен айналысасыз ба?
VI. Үй тапсырмасын беру: 161- бет 1- тапсырма мәтінді мазмұндау
VII. Бағалау