Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі

0
1262
информатика в школе

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.Интербелсенді тақтадан Ы.Алтынсарин туралы слайдшоу көрсету.

2. Ақынның «Өзен» өлеңімен таныстыру

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, , бірқалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген , оттай жанған жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

3.«Өзен» өлеңінен етістіктерді жазу. Мысалы: ағар, соқса, жарқыраған, сарқыраған. т.б.

IV. Жаңа сабақты бекіту: 1.Дара, күрделі етістік туралы мәлімет беру, мысалдармен дәлелдеу.

2.Төмендегі мәтіннен етістіктерді табу, түрлеріне қарай жіктеу.

Оқушылар мұғалімдерін құттықтады.

Отыз зейнеткер жиналыста отыр.

Ол бізге дәптерін берді.

Біз радионы тыңдап отырдық.

Балалар қуанды.

V. Сабақты қорыту: Тест парақшаларын тарату

1.Төменнен Ы.Алтынсариннің өлеңін көрсет.

А) «Адамдық борышың»

Ә) «Өзен»

Б) «Ғылым таппай мақтанба»

2. Етістіктің сұрақтарын анықта.

А) қандай? Қай?

Ә) неше? Қанша?

Б) не істеді?

3. Құрылымына қарай етістіктер неше бөлінеді?

А) 2

Ә)3

Б)5

4. «Жазып отыр» – қай қатарға жатқызамыз?

А) дара етістік

Ә) туынды етістік

Б) күрделі етістік

5. Дара етістікке жататын қатарды белгіле.

А)ойнамай отыр, айқайламай отырды

Ә) ойнау, ескер

Б) жазған жоқ, барған емес

VI. Үй тапсырмасын беру: Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін жаттау

VII. Бағалау