Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу

0
1112
школьница

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

Кеспе қағаздарын тарату

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Сөздікпен танысу

3. Диалогті досыңмне оқу

4.Жазылымы

Қыс – жылдың …. …. …. 1.ұнайды

Мен қыс мезгілін өте жақсы …… 2. Туған күнім болады

Қыста әсем қаламыз Астанада …. … 3. Шанамен, конькимен сырғанаймыз

Қарағай мен қайың ақ кимешек ….. 4. Ең тамаша мезгілі

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

Қимыл, іс- әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін , мақсатын, білдіретін сөз табын үстеу деп атаймыз.

Мысалы: Ертең ауылға барамын.

Үстеудің лексика-грамматикалық белгілері:

Үстеу қимылдың түрлі белгілерін анықтайды.

Үстеу сөздер түрленбейді

Сөйлемде пысықтауыш болады.

Үстеудің жасалу жолдары:

Ша, ше: бала-ша, ауыз-ша

-Лай, -лей,- дай,-дей, тай, -тей: жастай, қыстай, жібектей

-дайын, -дейін: түлкідейін

– лап, леп, -дап, -деп, -тап, – теп: жаяулап, темірлеп

V. Сабақты қорыту: А) Төмендегі сөйлемдерден үстеуді тауып, астын сызып шығыңдар:

Ол түнде кеш келді.

Кеше қар жауды.

Бағана бізге қоңырау шалды.

Жаздыгүні әжеммен Астанаға барамын.

Күзде Асқар 2-сыныпқа барады.

Қазір қазақ тілі сабағы

Ә) Мына үстеулерді тұлғасына қарай жіктеңдер: әрең, басқаша, дәл, қытайша, ерекше, күздей, соншама, кенгет, кенеттен, төмен, аса, мұнда, зорға.

VI. Үй тапсырмасын беру: 106-бет 2- тапсырма мазмұндау. жазу

VII. Бағалау. Рефлексия