Ауа райы

0
1465
физика

Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Ауа райы

Сабақтың жалпы мақсаты

оқушылардың ауаның құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін қалыптастыру

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру, әңгіме,

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер

1. «Ауаның құрамы» тірек-сызбасы. 2. «Орман» картинасының көшірмесі.

3. Тәжірибе жасау үшін шар, су құйылған стақан

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру

Би «Қаражорға»

Топқабөлу

Адам өміріне қажетті 5 жағдайды топтастыру.(ауа, су, қорек, жарық, жылу арқылы оқушыларды тпқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

«Табиғат құбылыстарына» шағын эссе .

Қызығушылықты ояту

І – топ. Бес жолды өлең құрастыру
1. Ауа
2. Түссіз, иіссіз
3. Көрінбейді, жұтады, сығылады, серпіледі, созылады.
4. Ауа адам өміріне қажет.
5. Ауа – тіршілік көзі.
ІІ – топ (эссе жазу) Ауа – тіршілік көзі.

Жаңа материалмен жұмыс.

Ауа барлық жерде: далада да, суда да, жерде де бар. Біздің планетамызды ауа қабаты қоршап тұр. Бұл ауа қабаты атмосфера деп аталады. Атмосфера Жерді Күн радиациясынан қорғайды. Ол болмаса, жердегі су әпсәтте қайнап, ал Күн сәулесі тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер еді. Суда да, жерде де ауа барын дәлелдейтін мысалдар келтір.

V. Поэзия сэті.Өлеңді оқыған кезде ауаның қандай қасиеттері туралы айтылатынына назар аудар.

Ол мөп-мөлдір,
Көзге көрінбейтін газ.
Бізді әуеде қалқып

Қоршап тұратыны рас.
Орманда да бар
Емен мен самырсын аңқыған.
Тыныстаған сайын
Иісіне жаның балқыған,

Жазда жылы леп болып,

Қыста дірдек қақтырған.
Көзімізге көрінбейді,
Ұстағанға білінбейді.
Онсыз бізге өмір жоқ,
Таза ауаға жаның тоқ.

Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге жазады.

Ой толғаныс

Оқулық бойынша жұмыс.

а) Сұрақтарды оқып, оларға өз беттерінше жауап беруге тырысып көр.

ә) Ауаның барлық жерде болатынын дәлелдейтін тәжірибе жаса.

1-тәжірибе: Шарды үрле, сонсын ондағы ауаны ақырын ғана шығар. Шарға не болды?

2-тәжірибе: Аузыңа ауа толтырып ал да, ұртыңды саусағыңмен бас. Не байқадың?

Үйге тапсырма беру.

«Ауа көзге көрінбейтін зат» – эссе жазу .

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер