Асан қайғы – дала данышпаны

0
758

АСАН ҚАЙҒЫ ДАЛА ДАНЫШПАНЫ

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]

Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші.

Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992 ж мемлекет қорғауына алынған. [3]

«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген. Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны « қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]

Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «дала данышпаны» деді. Әлкей Марғұлан «Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалады. Асан қайғы –көптеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.

Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы».

Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.

Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың символына айналдырған. [6]

Қыдырып желмаямен дүние жүзін,

Асанның жұрт біледі айтқан сөзін.

Жатқызбай ойындағы қалың арман,

Атанып Асан Қайғы содан қалған. [7]

Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап, қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды. Асан қайғы қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен ерекшеленеді.

Асанның дүниені тану, білу танымының негізінде жатқан идиялық мазмұнды күш халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеп, оны табу мақсаты жатыр. Сондықтан да Асанның дүние көрінісін сезінуі, толғануы, оның « жерұйық» мекенін іздеуде ашылған. Асанның Әбілқайыр ұлысынан Жәнібек пен Керейдің бөлінуіне қатты наразылық білдірмесе де олардың Монғолстанға емес, Жайық, Жем өзендерінің бойына қоныстануын қалаған болатын. Осы Моғолстаннан жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай жазды : «Асан қайғының Жәнібек пен Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің бірі. . Ол іздеген «Жерұйық» шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп, іске асырмақ болмақ. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. . Асан Қайғы елінің сулы – нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін, мамыражай, еркін өмір сүруін» аңсады. Бұл мұратын жырау «Жер ұйық» деп атады.

М. Әуезов : « Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның «Жерұйықты» іздеуі. Сонда жетсе ғана, мекен етсе ғана халқы бақытты болмақ» , – деп жазды . « Асан қайғының аралаған жерлері – Моғолстан ( Жетісу), Қыпшақ( Қаратау), Сарарқа ( Торғауыт), Байсын ( Әлеу). Ол ноғайлы заманындағы аласапыран бүлікшілік кезеңінде өмір сүрген үлкен ойшыл. [8] Асанның Жерұйықты іздеуіне тағы бір себеп болған құбылыс, ол – үшінші Жәнібектің тастан сарай салдыруы немесе Астрахан қаласын қоршауы.

Асан оған да өкпелі, ренжулі, себебі ол жерді жау алса ел бүлінеді. Асан жаңа қоныс іздеп жеті жыл жер Жерұйық деп аталатын мекенді табады. Асан қайғының аралаған жерлеріне қойған сындары мен анықтамалары сол өз дәуірінің, заманының нақтылы талап – тілектері мен халық қамынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық мәліметтер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылдана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десе де болғандай.

Асанның танымдық қабілеті табиғаттағы заттардың қасиеттерін анықтауға, олардың адамға деген қатынынасын мөлшеулерге бағытталады. Қоршаған табиғаттағы заттық мәндерден олардың адамға, өмірге тигізетін әсерін, пайдалы- зиянды салдарларын пайымдап білген Асан көшпелі қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын өзіндік «әрекеттік» пайыммен шешіп отырады . Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап, жеті өзенге шейін сапар шегеді. Дүниенің төрт бұрышын арлайды. Оның барған жерлері өзіне ұнамайды. Түркі халықтарының көшпелі қоғам өркениетінің өкілдері арасында тарихта Асан Қайғыға тең келетін тарихи тұлға жоқ. Асанның Жерұйықты іздеуін мифтік құбылыс деп қарастырып, өтірік аңыз ертегілер қатарына жатқызуға мүлде болмайды. Асан Қайғы болса сезімдік таным мен түйсіктердің тоғысуынан жаңа мазмұнды қорытындылар шығарып отырды. Жерұйықты іздеу барысында Асан жүрген жеріндегі жақсы қонысқа, жаман қонысқа баға беріп отырды. Асан Қайғы да сол Жаратушының мейірімділігіне үміт арту арқылы сабырлық сақтап, пендеге түсініксіз өзінің “кезбелік” философиясының жүйесін жасаған. Көшпелі өркениетті құтқару үшін Асан адамдарды табиғатқа, дүние құбылыстарына зер салуды айрықша насихаттайды. Асанның іздегені адамға жоғарыдан жіберілген алғашқы ақиқатты табу, соған көз жеткізу. Табиғат заңдылықтарының адам өміріне қатыстылығы жөнінде Асан пікірі нақтылы. Адамның адамгершілік қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан тағылым алып, сусындап отыруы тиіс. Адами ізгілікті қасиеттердің қалыптасуының алғыштары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау алады. Сондықтан да Асан эститикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген.Адамға аса қажетті көшу- қону процесінде кездесетін қолайсыз табиғат жәйттерін, әсіресе малға, қолайсыз болса да өмірдің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап отырған.

Табиғаттың биік сұлулығына, оның мызғымас пәктілігіне шек келтірмейді, тоқтам салмайды. Асанның сұлулыққа, әдімілікке қатынасы ерекше шынайылықпен, көркемділікпен бейнеленіп, адамды шабытқа бөлейді.Табиғат сұлулығын Асан эстетикалық сезімдер мен қабылдап, сол талғам тұрғысынан оларды бағалайды. Асанның эстетикалық талғамы шындықты бейнелеу арқылы оның белгілі бір дүниетанымдық көзқараспен сабақтастырады. . Жалпы Асанның адами іліміндегі ұғымдар мен түсініктер түйіні мыналарға саяды: әділеттілік, ар – ұят, өзін – өзі тежеулік, ымырашылдық, сабырлылық т.б. Аққу әсемдіктің ең жоғарғы сатысы – ақсақтық деңгейге көтерілген, оны құрметтеушілік, қадірлеушілік адами парыз. Аққу сұлулықтың, тазалықтың символы. Оны ерекше қасиет тұту парыз. Асан өзінің жан дүниесінің сұлулығын қоса суреттейді. Француз философы А. Камюдің “Данышпан өз мөлшерін білетін ақыл иесі” деген пікіір қанағатшыл Асанға да қатысты. Асанның ойлау жүйесіне осындай халықтың табиғатпен күрделі идеялық қатынасын бейнелейтін ырымшыл үрдістер әсер еткен.

Халықтың дүниеге идеялық қатынастарын Асан өз пайыммымен қорытып, оны жаңа деңгейге көтере білген. Асан табиғатпен бетпе – бет жүздесіп, оны жандандырады, адам кейпіне түсіреді. Жүрек түбінде жатқан ойларын ақтарады. Өзінің қалауын, тілегін табиғатқа осылай айту арқылы ол адамшылық парызын орындайды. Философиялық тұрғыдан пайымдасақ дүниедегі заттардың, құбылыстардың, процестердің қасиеттерінің мәнділігін арқау ету арқылы оларға тіке қарап, адамды, оның терең сырларын тануда. Асан ата – тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан ата – халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер. Ол 1361 – 1470 жылдары өмір сүрген. Бір аңыздың айтуына қарағанда, Асан Қайғы Сарыарқада, Ұлытауда дүние салды деген сөз де бар. Бәрібір Сыр бойы аса киелі ,әруақты панасы болып есептеледі. Ата қабірінің Шиелі жерінде бой көтеріп, алыстан айбарлы көрінуі, күнде басында болып, тағзым етуіміз – мақтанатын жай. Олай болса әлі күнге дейін жиналмай келе жатқан әулие мұралары толық жинақтау біздің және келер ұрпақтың парызы.

Пайдаланылған әдебиттер

1.Күнқожаев Н.»Адам және қоғам » »А»Рауан 1997ж,44бет.

2.Қуаныш.Махамбет »Оқшы атадағы 7 әулие » Қ ,2003ж,11бет

3.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы ,А,1998ж 470бет

4 .Әуезов. М »шығармалар» ,А, »жазушы» 1969ж,11т,480 бет

5.Қазақстан тарихы »10 сынып » 160бет

6.Қуаныш.М »Оқшы атадағы 7 әулие» қ,2003ж,26бет

7.Қ.Р.Ұ.ҒА Сирек қолжазбалар қоры папка №333/11дәптер. Толысбай Кенжалы.

8.Қуаныш Т »Оқшыдағы 7 әулие » қ,2202ж,67бет