Ана тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

0
1114
страны мира

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылар қазақ тарихында үлкен рөл атқарған мемлекет қайрат –

кері, қол бастаған Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтар –

мен кеңейтеді

2.Оқушылар тарихи әңгімені түсініп оқуға,тарихи деректерді тиімді

пайдалана білуге,өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамытып,сөйлеу шеберліктерін арттырады.

3.Оқушылар өз елін,жерін сүюге,патриоттық сезімге тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі:

Шоқан Уалихановтың,Абылай ханның портреттері.

«Атағы жерді жарған хан Абылай» атты қабырға газеті

«Абылай-мәңгі ел есінде» атты альбом

«Абылай бабам ерлігі» атты буклет,сызбалар

Сабақтың түрі: Таным сабақ

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

« Қазақтың хан сайлауы» мәтінімен жұмыс.

Мәтінді тізбек бойынша мәнерлеп оқу.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқу:

хан сайланатын орын

үтіткерлермен таныстыру

үміткерлерге мінездеме

көпшілік пікірі

түйінді шешім

құттықтау,шашу шашу

тәбәрік ретінде бөлісу

хан киімін кигізу.

Міне,балалар,ханның қалай сайланатынын білдік,яғни хан сайлау үш сатыдан тұрады екен.Олар:

1.Хан сайлау рәсімі

2.Бір үміткер

3.Ашық дауыс.

-Ал,бүгінгі таңда ел басы қалай сайланады, яғни президент сайлауы қалай өтеді?

Енді соған тоқталып өтейік

1.Конституция заңына сәйкес болу керек (сайлауға үміткер адам ҚР азаматы,

Мемлекеттік тілді еркін меңгерген,жоғары білімді,Қазақстан Республикасында кем дегенде 15 жыл тұрған)

2.Бірнеше үміткер

3.Ашық дауыс

Ал,балалар,хан сайлауы мен президент сайлауының қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар екендігін салыстырайық:

Ұқсастығы:

1.Халық сайлайды

2.Ел басқарады.

Айырмашылығы:

Хан сайлауында бір үміткер болады,ашық дауыс беріледі

Президент сайлауында бірнеше үміткер болады, жасырын дауыс беріледі.

III .Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабағымызда Абылай туралы білетініміэді жинақтап, тұжырымдап, оның ерліктерімен танысамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз ізденіс

сабағы.Себебі,әр топқа Абылай туралы материалдар жинақтау тапсырылған.

Қазір әр топ өзінің ізденіс жұмыстарын көрсетеді.

I топ «Мұрагер» тобына Абылайдың өмірбаяны берілген.

Қазір осы топтың жұмысын тыңдаймыз.

1 оқушы: Біздің Мұрагер тобы Абылай ханға арнап «Атағы жерді жарған хан Абылай» атты тақырыпта материалдар жинақтады.

2 оқушы Абылай 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Азан

шақырып қойған аты- Әбілмансұр.

1723 жылы Жоңғарлармен шайқаста Абылайдың әкесі Уәли қаза табады. Дұшпандар оның үй ішін, туған туыстарын түгелдей қырып тастайды. Абылай хан үйінің сенімді көмекшісінің арқасында тірі қалады. Қашып шыққан Әбілмансұр өзінің аты-жөнін жасырады.

3 оқушы: Еліді жағалап жүріп Әбілмансұр Төле би ауылына келеді. Төле биге келіп сәлем береді. Оның киген киімі алба-жұлба, шашы өсіп кеткен болады.

Төле би жөн сұраса, аты-жөнімді білмеймін. Атымды сіз қойсаңыз қарсы емеспін дейді. Төле би баланың тегін емес екендігін біліп оған «Сабалақ» деген ат қояды.

Бірнеше жылдан соң ауылына Бөгенбай батырдың келгенін пайдаланып, Сабалақ биден рұқсат алып Жоңғарлармен болған шайқасқа қатысады.

4 оқушы: Абылай 1781 жылы дүниеден өтеді. Абылай хан- қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, өз елін, туған халқын сүйе білген.

Абылай тұлпар мініп ту ұстаған,

Көңілі шапқан жауға суыспаған.

Тұғырдан тоғыз түлек ақ сұңқардай,

Тоятқа айдын-көлден қу ұстаған.

Міне, балалар, «Мұрагер» тобы «Атағы жерді жарған хан Абылай» атты газет шығарды.

II топ. «Атамұра» тобына Абылайдың ерліктері тапсырылған.

1 оқушы: біздің «Атамұра» тобы «Абылай бабам ерлігі» атты буклет дайындады.

2 оқушы: Абылай қазақты біріктіруге, оны жаудан қорғауға барынша күш салды. Талай шайқастарда өзінің ерлігімен, тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.

3 оқушы: 1737 жылы Жоңғарлармен Қазақтар арсында үлкен шайқас болды. Шайқас бірнеше күнге созылды, кезек жекпе-жекке берілді. Жоңғар батыры мен шайқасқа түскен Әбілманұр жауға қарай «Абылайлап» шабады. Жекпе-жек Жоңғар батырының басын алумен аяқталады.

4 оқушы: 1771 жылы Абылайды қазақ халқы ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Абылай хан болғаннан кейін, бүкіл үш жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құрады.

5 оқушы: Абылай.

Хан Абылай атандың

Дүниеден шықпай мініңіз

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың

Әділдікпен жүрдіңіз

Әдепті іске кірдіңіз

Арманың бар ма хан ием

Мәртебелі төбеге

Жауыңды алып жайладың

Жеті күн кіріп ұрысқа

Өлімге басың байладың

Бұқар жырау.

III топ. «Шежіре» тобына «Абылай мәңгі ел есінде» атты тақырыпта материалдар жинақтау тапсырылған.

1 оқушы: біздің «Шежіре» тобы «Абылай мәңгі ел есінде» атты альбом дайындады.

2 оқушы: «Атамұра» баспасы қазақ халқының бір туар перзенті, ұлы ханы Абылай ханның бейнесі қай жерде, мәйіті қалай сақталғаны жайында «Абылай хан» атты тарихи зерттеу еңбегін шығарды.

3 оқушы: Мүсінші Мәжит Айтбаев алғашқылардың бірі болып, Абылай ханның портретін салды.

4 оқушы :Алматы қаласында Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына байланысты ескерткіш ашылды.

5 оқушы: Ел басы Н.Назарбаев Көкшетау қаласының бас алаңында орнатылған ұлы ханның ескерткішін ашты.

6 оқушы: Қазақ кино студиясы шетелдік әріптестермен біріге отырып «Көшпенділер» фильмін түсірді.

Міне балалар үш топта өздеріне берілген тапсырмаларды толығымен

орындап, біздерді Абылай хан туралы қосымша деректермен таныстырды

Енді сабағымызды ары қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызда біз

сендермен Шоқан Уәлихановтың «Абылай хан» атты мәтінімен танысамыз.

Алдымен Шоқан Уәлихановтың өмір баянына тоқталып өтейік

– Шоқан Уәлиханов 1835 жылы дүниеге келген.

-Туған жері Қостанай облысы,Құс мұрын өңірі

.-Әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.

Омбы кадет корпусында оқыған.

Қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы.

«Ыстық көл сапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері» атты еңбектері бар.

1865 жылы дүниеден өтеді.

Талдықорған өңірі «Алтын емел» баурайында жерленген

(Әрбір жол жеке-жеке тақтаға ілініп отырады)

Мәтінмен жұмыс (мұғалімнің мәнерлеп оқуы).Сөздікпен жұмыс

Тауқымет- ауыртпалық, бейнет,азап.

Қонтайшы- Жоңғар ханы

Ақ киізге көтеру- ханды халық ақ киізге көтеріп,еаққа отырғызады.

Тәңірі- Құдай, Алла тағала

Мәтінді оқушыларға іштей оқыту.Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру.

«Мұрагер» тобына- мәтіннен 18 ғасырдағы қазақ елінің өмірін суреттейтін бөлікті табу.

«Атамұра» тобына- Абылайдың ерлігін суреттейтін тұсты тауып оқу.

«Шежіре» тобына- Абылайдың көршілес елдермен жасаған қарым-қатынасы

туралы жазылған тұсты тауып оқу.

Дәптермен жұмыс

1 топ. Абылай ханға мінездеме

2 топ. Қазақ елінің халін суреттейтін сөз тіркестерін жазу

3 топ. Қалден-Сереннің қазақ даласын жаулап алудағы мақсаты не?

Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жауап береді.

IV . Сабақты қорытындылау

Балалар, біз Абылай туралы білімімізді толықтырдық.Осы алған білімімізге сүйене отырып Абылайға баға берейік. Абылайды біз кім деп

танимыз.Әр топ өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Әр топтың жауаптары тыңдалып,сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың

білімдерін бағалау.

V. Үйге тапсырма беру. Мәтінді мәнерлеп,түсініп оқу.Жаңа сөздерге сөйлем

құрау.

Сламбекова Саулеш Тлекқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі.

№30 орта мектеп.

Семей қаласы