Ахмет мұрасы- рухани қазына

0
436
физика

№32 (3) сабақ жоспары

Пәні: Қазақ тілі

Лексикалық тақырыбы: Ахмет мұрасы- рухани қазына

Грамматикалық тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемді, септік жалғауларын қайталау.

Мерзімі: 14.05.2012ж

Уақыты: 10.20 – 11.05

Сыныбы: 9 орыс

Оқушы саны : 10 оқушы

Сынып бөлмесі: физика №18

Сабақтың мақсаты: А.Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта , мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сабақтың әдіс- тәсілі: топқа бөлу, диалогтық әдіс, талдау-жинақтау, «Claster»әдісі

Қолданылған модуль: « Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету», «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»,

Сабақтың барысы:

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының

іс әрекеті

Ресурстар

Мен сыныпты қалай қарсы аламын?

оқушылармен амандасып, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық «Амандасу» жаттығуы. Бұнын мақсаты– топтағы бүкіл адаммен амандасып шығу.

Оқушыларды топқа бөлу үшін түсті қағаздарды ұсынады.

Оқушылар өздеріне ұнайтын түсті таңдау арқылы, бұл түсті таңдаған адамның мінезі қандай екенін біле отырып,

2-шағын топқа бөлінеді:«Қайырым», «Ғибрат» тобы.

қызыл, көк түсті қағаз.

интерактивті тақта

Жаңа сабақты меңгерту.

Өткенді тақырыпты қайталау.

А) «Ахмет мұрасы-рухани қазына» тақырыбында қысқаша түсіндіру.

Түрткі сұрақтар:

1) зат есімнің септік жалғауларын ата

2) сабақтас құрмалас сөйлем д/з не? Жасалу жолдары

зат есімнің септік сұрақтары мен жалғаулары, сабақтас құрмалас сөйлем ережелерін айтып береді.

Интерактив тақта, А.Байтұрсынов портреті, қосымша әдебиеттер

Талдау тапсырмасы.

Грамматикалық тапсырма:

А) берілген жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.

Ә) асты сызылған зат есімді септе.

1 -топ.

Ахмет Абай туралы мақала жазды. Абай туралы мақаланы «Қазақ» газетіне жариялады.

2-топ.

Ахмет Байтұрсынұлы Крылов мысалдарын аударған. Ол «Қырық мысал» атты жинағын шығарды

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып, жұппен, топпен ақылдасып талдап, «мақала, мысал» сөздерін септейді.

кеспе қағаздар, интерактивті тақта.

Мәтінмен жұмыс

Топтық жұмыс: А.Байтұрсын ұлының «Қара бұлт» мысалын оқып, қысқаша көрініс көрсету. Мысалдың негізгі түйінін ашу мақсатында қайта бағыттау сұрақтар қойылады

Әр қайсысы «Қара бұлт» мысалын оқиды, топта түсінгендерін талқылап, рөлдерге бөлініп, шағын көрініс көрсетеді.

А.Байтұрсынов «Қара бұлт» мысалынан үзінді,

маркер, қарындаш, ватман.

Сабақты бекіту

А.Байтұрсынұлының портреті арқылы сабақтан қандай ой түйгендерін жинақтап, кластерге түсіруді ұсынады.

Бүгінгі тақырып бойынша ойларын жинақтап, кластерге А.Байтұрсынов туралы ойларын жазады. Мысалы: А.Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағын басып шығарған.

А.Байтұрсынов 1873-1937 жж өмір сүрді.

А.Байтұрсынұлы қазақтың тұңғыш әліпбиін жазған.

Интерактивті тақта,

кластер, оқулық,

Бағалау

Дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша беріп, оқушы білімін бағалау.

Әр дұрыс орындаған тапсырмаларына жұлдызша алып отырады, сабақ соңында қорытынды бағасын алады.

Бағалау өлшемдері:

4-5 = «5»