Сарамандық жұмыс №6 .
№4 сабақтың тақырыбы: Таразымен жұмыс істеп үйрену.
Мақсаты: Таразының түрлерімен таныстыру. Жұмыс істеушілердің бәріне таразыны дұрыс пайдалана білу керектігін үйрету.
Құрал-жабдықтар: Таразы түрлері. Таразының түрлеріне сәйкес гирлері. Өлшене тін зат. Химия лабораториясына ең керекті қажетті жабдықтардың бірі – таразы. Лабораторияда шамамен өлшеу үшін техно-химиялық (2-сурет),
Аналитикалық (1-сурет) электронды т.б таразылар қолданылады.
Техно – химиялық таразыда заттың салмағын 0,01грамға дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Бұл таразыда синтез жұмыстарында бастапқы алынған зат пен реакциядан шыққан заттарды өлшеу жиі қолданылады.
Аналитикалық таразының дәлдігі техно- химиялық таразыдан дәлірек болады. Анализ жұмыстарына қолданылады. Бұл таразыда заттарды 0,0001-0,0002 грамға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Әрбір таразының өзіне сәйкес гирлері болады. Техно-химиялық немесе аналитикалық таразы үшін арнаулы қорапқа салынған майда гирлер болады. Кәдімгі гирлерді қолмен алады. Техно-химиялық гирлер мен аналитикалық майда гирлерді қолмен алуға болмайды, себебі олардың дәлдігі өзгереді, сондықтанмайда гирлерді қысқышпен алу керек. Шамамен өлшеуге арналған таразыларды кез келген столға қоюға болады.
1-су рет 2-сурет
Таразыда өлшеуі ережесі:
- Өлшейтін затты таразы табақшаларына бірден салуға болмайды.
Ыдысқа немесе қағазға салып өлшеу керек.
- Өлшенетін затты таразының сол табақшасына , гирлерді оң табақшасына салады. Өлшенетін зат пен гирлер табақшаның дәл ортасына қойылады.
- Гирлерді қысқышпен алуға және таразыдан алынғангирлер қораптың қай ұясынан алынса, сол ұяға салынады. Гирлерді стол үстіне қоюға болмайды, өйткені олар тез ластануы немесе жоғалуы мүмкін.
- Өлшенгеннен кейін таразыда еш нәрсе қалдырмау керек.
-
11
Жұмыс бітісімен таразы мен гирлер тексеріледі.
Назар аудар !!!
Сұйықты өлшегенде таразының табағына төкпеу керек. Әсіресе қышқылдарды өлшегенде өте сақ болу қажет.
Есіңде болсын!!!
Таразы табақшаларына ыстық, дымқыл және лас заттарды қоюға болмайды. Сұйықтарды өлшегенде таразыға және гирлерге сұйық тигізуге болмайды.
Үйге тапсырма беру: Қайталау.