Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Animals. My pet» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермем (a dog, a cat, a hamster,a parrot) таныстыру. «I have a cat» құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Нһ, Іі әріптерімен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [h], [аі ], [d], [t].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекеғ жасау дағдысын калыптастыру. Нһ, Іі әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға қамқорлық танытуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: сабақтағы диалог аркылы қарым-қатынас
арқылы мұғалім мен сыныптастарының сөзін қабылдау және түсіну.
Сабақты материалдық камтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнаткыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ит, мысық, атжалмап, тоты құс бейнеленген флэш-карталар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пән аралық байланыс: музыка, қоршаған орта (ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен танысу).
Сабақғыц fuipi.ici.i
(I) Ұйымдастыру сәті.
Мұғалім балалармен амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning I am glad to see you!
Окушылар мұғаліммен танысады:
Good morning, good morning We are glad to see you!
How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down, please.
(II)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабақта біз ағылшын тілінде жануарлардың атауларын үйренеміз. Нһ, Іі әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен танысамыз.
(III) Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
Балалар, бізге кімнің келгенін карандар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?
Балалар, сендер машина оталған кездегі дыбысты естідіңдер ме? Егер ол үлкен машина болса мынандай дыбыс естіледі: [d], [d], [d]. Кішкентай көлемді машина оталған кезде дыбыс өзгеше: [t], [t], [t].
Енді осы дыбыстарды шапшаң дыбыстап көрелік.
-[d], [d],[d], [t],[t], [t],
Енді көңілді ойын ойнап көрейік: Егер сөйлемнің ішінен [d] дыбысын естісеңдер, алакандарыңды 1 peт соғасыңдар. Ал егер [t] дыбысын естісеңдер, алақандарыңды 2 рет соғасындар.
Мұғалім түрлі сөздерді айтады, ал балалар болса алақандарын жоғарыдағы ойын шартына байланысты соғасындар. hamster, cat, kite, robot, doll.
(IV) Жаңа материалымен жұмыс.
Оқулықпен жумыс
1-жаттығу. Learn the new words.
– Look at the picture and learn the new words.
Мұғалім окушылар жаңа лексиканы жаксырақ меңгеруі үшін бір сөзді және/немесе фразаны бірнеше рет қайталай отырып, ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен таныстырады.
Мұғалім: I. Look! It’s a dog. 2. Look! It’s a cat. 3. Look! It’s a hamster.
Look! It’s a parrot.
Оқушылардың түсінгенін немесе түсінбегенін тексеру үшін мұғалім «Мұқият бол» деген ойынды ойнауды ұсынады. Мұғалім суреттегі жануарды көрсетіп, оның атын атайды. Егер ол дұрыс атаса, оқушылар келіседі: Yes, it’s a dog. Егер келіспесе: «No, it’s a hamster», -дейді.
2-жаттығу. Listen and say.
Көбіміздің сүйікті үй жануарларымыз бар (pets). Біз оларды жақсы көреміз және үй жануарымыз бар екенін айтқымыз келгенде: «I have a pet», -дейміз. Біздің кейіпкерлеріміздің де сүйікті үй жануарлары бар. Ол туралы олар былай дейді:
Track 36.
Анар: I have a cat.
Әлібек: I have two hamsters.
Жазу жазылмай калған суреттерді балалар өз бетімен сипаттайды.
Муни:I have a dog.
Бота: I have a parrot.
Оқушылардыцтүсінгенін немесетүсінбсғінін анықтау үшін мұғалім фразаларды айтады, окушылар не туралы айтылғанын табуға тиіс.
Мұғалім: I have a parrot. І-окушы: It’s Bota.
Мұғалім: I have a cat. 2-оқушы: It’s Anar.
Мұғалім: I have two hamsters. 3-оқушы: It’s Alibek.
Мұғалім: I have a dog. 4-оқушы: It’s Moony.
3-жаттығу. Listen and sing.
Мұғалім балаларға әнді бірнеше рет тыңдауды ұсынады және қажет болса, оны аударады. Балалар әнді жаттайды.
Track 37.
Hamsters and dogs,
Parrots and cats.
They are all our pets.
4-жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.
Бүгін Mr. Wise Crow бізді әріптермен және дыбыстармен таныстырады.
Мұғалім окушыларды Нһ, Iі әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен таныстырады. Окушылардың назарын Нһ әрпінен басталатын сөздер [һ] дыбысымен айтылатынына аударыңыз. Мысал келтіріңіз: horse, have, hamster. Iі әрпінен басталатын сөздер [аі] дыбысымен айтылатынына назар аударыңыз: I, ice-cream.
Track 38.
һ, һ
[һ], [һ ], [ һ].
[һ horse, [ h] horse [һ],[һ],[һ].
і, і
[аі ], [аі ], [аі ].
[ ai] ice-cream, [аі ] ice-cream [аі ], [аі ], [аі ].
Сергіту cәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
Stand up, turn around.
Clap, clap and sit down.
Stand up, turn around.
Clap, clap and sit down.
1-жаттығу. Write the number.
– Әр сөйлемнен кейін әр жануарға карама-қарсы шаршыға сандарды жазыңдар. Нөмірленген суреттерге караңдар. Сандарды сәйкес жануарға қарама-қарсы жазу керек.
2-жаттығу. Say the number then colour.
Боялған жануарлар саны санға сәйкес болуға тиіс. Балалар кажетті жануарлар санын бояп, санды атайды.
3-жаттығу. Colour the horses with Hh.
Оқушылар Нһ әрпі бар жылкыларды бояуға тиіс.
4-жаттығу. Trace.
Әріптердің шетін айналдыра сызады.
5-жаттығу. Put the missing letters. Say the words.
Жіберілген әріптерді жазады.
V. Сабақты қорытындылау.
– Балалар, бүгінгі сабақта жануарлардың атауларымен таныстық (балалар сөздерді айтады: a dog, a cat, a parrot, a hamster). Үйлеріңізде қандай жануарлар бар екендігі туралы айтып үйрендіңдер (окушылар мысал келтіреді: I have a cat, I have a dog.) Ағылшын тілі әліпбиінің Hh және li әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендіңдер! Well done! Goodbye, children!