Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:
9-10 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: аОқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру.
әЖақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
б Оқушылардың ой өрісін ,сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Пән аралық байланыс :дүниетану,салауаттану.
Әдісі: түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.
Түрі :аралас сабақ.
Көрнекілігі :суреттер,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1.Өлеңді жатқа айту.
2.Сұрақ арқылы бекіту.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Сыйластықтың арқасында адамзат қандай жетістіктерге жетеді?
-Осы өлеңді қандай мақалмен қортындылар едің?
Сергіту сәті. Сөйлеуде тыныс алу дамуына арналған жаттығу «Шарик, ұш»
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықты ояту.
аӨз бойларындағы жақсы қасиетті айту.
әЖақсы қасиеттер –
2.Абай атаның өсиет өлеңін еске түсіру.
Негізі бөлім.
1.Мәтінді түсініп оқыту.
2.Іштей оқыту.
3.Мазмұнын ашу.
4.Мақал-мәтелдер айтқызу.
5.Сөздік жұмыс.
6.Сұрақтар мен тапсырмалар.
аЖазушы мақтаншақтықты неге теңейді?
ә Арман бойындағы жаман әдетті қалай жеңді?
бСен ұялғанда қандай күйде боласын?
Сергіту сәті. Қолдың буындарына массаж жасау.
IVСабақты қортындылау
1. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
Әдептілік, ар-ұят
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат –
Надандықтың белгісі. (Абай)
2. Жаңылтпаш айту.
V Үйге тапсырма.
1. «Мен мақтаныш етемін» деген тақырыпқа эссе жазу.
2.Жағымды қасиет туралы мақал-мәтел жинау.
Бағалау.