Сабақтың тақырыбы: §1. Тарих пәні туралы

0
749
числа

Сабақтың мақсаты:

«Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер» курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныстыра отырып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптысу тарихымен таныстыру.

Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы өткенді саралап, болашақты бағдарлауда әрбір адам үшін қажетті екендігінің мәнін ашып көрсету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті.

Пән аралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

Әнұран орындау, «Хабар» ел жаңалықтарынан…

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізге отырып, қалған бөлігінде оқушыларды оқулықтың құрылымы және мазмұнымен , оқулықтың сыртқы мұқабасының мағынасын түсіндіріп, авторларын жазғызып қою. Оқулықта берілген, арнайы ерекшеленген даталар, анықтамалар, шартты белгілерге оқушылардың назарын аудару.

Оқулықта берілген Қазақстан Республикасының ән ұранының мәтінімен таныстырып, әр адамның өз Отанын, әнұранын жатқа білу Отан алдындағы парызы деп оқушыларды туған жерді, елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

Тарих ұғымы, тарих пәні.

Тарих ғылымының қалыптасып, дамуы.

Тарихты оқып, білу не үшін қажет?

Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінің құрылымы.

Жоспар бойынша 1-тақырыпшаны 2-3 оқушыға мазмұнына қарай абзац бойынша оқытып, ал басқа оқушыларға тыңдатқызып, оның мазмұнын айтқызамын.

Тарихтың қалыптасып, дамуы тақырыпшасында оқушылардың көңілін «шежіре», «тарих атасы» деген жаңа сөздерге аударып, тек батыста ғана емес, ертеде қазақтарда да ауызша тарих айту дәстүрінің болғандығының, ол ұрпақтан-ұрпаққа сөз бен жадтың нәтижесінде жеткендігін атап айтады. Қазақ шежіресінде «Атамыз Алаш, керегеміз «ағаш» деген сөздің мағынасы туралы әңгіме қозғайды. Геродот сияқты Батыс әлеміне танымал тарихшылармен қатар Шығыста Сыма-Цян, Рашид-ад-Дин сияқты тарихи тұлғалардың болғанын айтып, оқулықтағы олардың суреттеріне оқушылардың назарын аударту. Алғашқы сабақтардан-ақ карта мен жұмыс дәптерін бастату. Қарапайым нысандарда болса да, алғашқы сабақтардан балаларды картамен жұмыс істеуге үйретеді. (Жұмыс дәптеріне алғашқы тақырыпты жазғаннан бастап, осы сабақта өткен мына сөздерді жазып алады.) Бұлар «Шежіре» – еста сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына. «Батыста тарих атасы – Геродот, Шығыстың тарих атасы – Сыма-Цян» деп жазып қояды. Жоспардың 3-тақырыпшасы бойынша оқушыладың өзіне «Тарихты оқып білу не үшін қажет?» деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың оқулықтығы мәтіннен тарихтың не үшін керектігін өздеріне тапқызып, бір-екі балаға дауыстатып оқыту. 4-ші тақырыпша бойынша Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударып барлық курстың басты тарихи оқиғаларын әңгіме түрінде өтетіндерін түсіндіру. Алғашқы сабақтан сабақта онша белсенділік көрсете қоймаған оқушыларға баса назар аударуы қажет.

Қорытынды.

Осылайша сабақты әңгіме түрінде өткізіп шығып былайша қорытындылаймын. Тарих сабағы сендер аса назар аударып аңғарсаңдар өте қызықты пән. Сондықтан әр сабаққа тыңғылықты дайындалып отырсаңдар ғана сендер өздерің бұрын-соңды білмеген қызықты әңгімелерді біліп, оқып шығатын боласыңдар. Тарих – ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жайылмайды, себебі кез-келген ғылым саласын алсақ, ең алдымен оны оқып меңгеру үшін оның пайда болу тарихын білу қажет.

Қарапайым адамнан үлкен ғалымға дейін жақсы азамат болу үшін тарихты сүю керек. Ағаш тамырымен, адам өз тарихымен өседі.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1.