Сабақтың тақырыбы: §48. 1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы.

0
838
информация

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХХғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан-жақты түсінуге жағдай туғызу.

Дамытушылық: мәдени құрылыс үрдісін түсіндіре отырып, оның басты ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: мәдени құрылыстың дамуының басты ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ұлтымыздың мәдени құндылықтарын құрметтеу сезімін оятуға жағдай жасау, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жете тануға көмектесу, қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

Көрнекілік: ақын-жазушылардың суреттері (М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б.).

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан үйге қандай тапсырма бергенін сұраймын. Оқушылар жауап бергеннен кейін, өткен сабаққа аздап кіріспе жасап, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Индустрияландыру дегеніміз не?

2. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары салынды?

3. Индустрияландырудың маңызы қандай болды?

4. Түркістан-Сібір темір жолының тарихи маңызын керсет.

5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Қазақстанда қалай жүзеге асырылды?

6. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.

7. Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты» не туралы болды?

8. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні.

Бұдан әрі оқушылардың жауабын толықтырып, өткен сабаққа шолу жасаймын. Қазақстандағы индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру саясатын салыстыра отырып, үй тапсырмасына қысқаша қорытынды жасаймын.

III. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өткен соң, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Сабақты түсіндіру үшін төмендегідей жоспар құрамын.

1. Сауатсыздықты жою.

2. Халық ағарту ісі.

3. Ғылым мен мәдениет.

4. Қазақ өнерінің қалыптасуы.

Алдымен қысқаша кіріспе әңгіме ретінде білім мен мәдениеттің тарихтағы орны, маңызы туралы әңгімелеп беремін.

Жоспардың бірінші бөлімін оқулықтан бір оқушыға дауыстатып оқытқаннан кейін әңгімелесу арқылы түсіндіремін. «Сауат ашу», «сауатсыздық» сөздеріне бірлесе отырып түсінік беріп өтемін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін барлық елде сауатсыздықты жою мақсаты қойылды. Себебі жаңа қоғам орнату, сауатсыздықты жою бірінші міндет еді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Алдымен ересектер арасында сауатсыздықты жою мақсатында мектептер ашылып, хат таныту ісі жүргізіле бастады. Бұл әрекеттер біршама нәтиже берді. 1930 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөнінде қаулы қабылданды.

Екінші бөлім бойынша да қыскаша түсінік беріп өтемін.

Ағарту – білім беру ісі. Кеңес өкіметі 20-30-жылдары ағарту ісіне көбірек көңіл бөле бастады. Қаражат бөлініп мектептер мен интернаттар салынды. Ұлт зиялылары Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, А.Байтұрсыновтар мектептерге арналған оқулықтар жазуда өлшеусіз үлес қосты.

Жоғары оқу орындары да көптеп ашыла бастады.

Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде жаздырамын.

Ғылым мен мәдениеттің дамуын мына бағытпен түсіндіремін.

Ғылыми-зерттеу істері.

Ғалымдар.

Әдебиеттің дамуы.

Сталиндік қуғындау.

Атаулар мен есімдер: М. Дулатов, М. Тынышбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, I. Жансугіров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев.

«Өнер» сөзіне түсінік беріп өтеміз.

Қазақ өнерінің дамуы қарқынды жүрді. Белгілі этнограф А.В. Затаевич қазақтың ән-күйлерін жинастырып «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтар шығарады. Атақты әнші Ә.Қашаубаев Еуропа сахналарында ән салып, қазақ әнінің құдіретін танытады. Қазақ өнерінің дамуын 1926 жылы ашылған ұлттык театр жеделдетеді. Оны Ж. Шанин басқарды.

Қорытынды кезең:

Жалпы қорытынды кезеңінде сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын қолданамын. Тест тапсырмалары жаңа өтілетін тақырып бойынша құрастырылады. Тапсырмалардың саны 10 болады.

1. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?

2. Алғаш Қазақ, тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған ғалым.

3. 1928 жылы ашылған жоғары оқу орны т.б.

Тапсырмаларды жалпылама тексере отырып, жоспар бойынша тақырыпқа шолу жасап қорытындылаймын.

Тест сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушыларды бағалаймын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 48-параграфты оқу.