«Галогендер және олардың қосылыстары» тақырыбын қорытындылау сабағы

0
1081
информатика

Сабақ тақырыбы: «Галогендер және олардың қосылыстары» тақырыбын қорытындылау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға галогендер және олардың қосылыстары тақырыбын жете меңгерту.

Дамытушылық : Оқушылардың галогендер топшасы және олардың қосылыстары туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды басқа бейметалдарға қарағанда галогендердің басты ерекшелігін ажырата алуға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі : Баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру.

2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары.

3. Ойын барысы.

4. Бекіту.

6. Бағалау .

5. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары:

  1. Натрийдің ең маңызды қосылыстарын атап беріңдер. Бұл заттар қайда қолданылады?

  2. Натрий хлоридін калий хлоридінен қалай айыруға болады?

  3. NaCl қайда қолданылады? Маңызы неде?

Сабақтың барысы :

Кезең

Өткен тақырыпқа қайталау сұрақтары қойылғаннан кейін, сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әрбір топқа жетекші сайланады, жетекшілер тақтаға шығып, жасырын тұрған топ аттарын таңдайды, соған сәйкес әрбір топ өздерінің атаулары бойынша түсініктеме беріп, таныстыруы тиіс (ашылуы, қолданылуы, маңызды қосылыстары).

Мысалы:

Йод. Мені 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер

Куртуа ашты. Атым грекше иодус- күлгін, қара көк деген мағына береді.

Минералдарым лаутарит (СаІО3) және дицеит 7Са(ІО3)2·8СаСrO4,

тұздарым иодидтер аз мөлшерде гидросферада- теңіз суында,

скважиналанған мұнай суларында кездесемін. Теңіз орман- жапырағы деп

аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6 %-мын.

Организмдеріңізге йод жетіспесе бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар,

сондықтан құрамында йоды бар асты пайдаланыңыздар.

Менен медицинада дәрілер даярлайды, тамақ өнеркәсібінде, фото, кино

ісінде, лабораториялық реактив ретінде де қолданыламын.

Фтор . Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор мына тұрған галогендер: бром мен йод та жанады, ал су айырылады. Мені органикалық қосылыстар синтездеуде, шыны өңдеуде, ағашты шіруден сақтауда, т.б. мақсаттарда да қолданылады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам өмірінде де елеулі рөл атқарамын. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады. Мен адамзатқа қажетті элементпін.

Бром . Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан менен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін. Судағы ерітіндім бром суы деп аталады. Менің қосылыстарым өнеркәсіпте сурет, кино материалдарын жасауда, медицинада дәрі-дәрмектер алуда, іштен жанатын двигательдердің (автокөлік, авиация) бензин сапасын жақсартып, этилдеуде қолданыламын.

Кезең

Үш топқа «Ойлан,тап» атты 3 сұрақ беріледі:

1. Жеңіл 1 ұпайлық ( );

2. Орташа 2 ұпайлық( );

3. Қиынырақ 3 ұпайлық ( ).

Кезең

Әрбір топқа галогендер тақырыбы бойынша сөзжұмбақтар беріледі. Тез шешкен топқа жоғары ұпай берілсе, ал кейін шешкен топтарға тиісті ұпай сандары беріледі.

Заттар және олардың бір – біріне айналуы туралы ғылым.

Орыс химиясының атасы.

Тізбекті реакцияны шығарған химик.

Әрі, композитор, әрі химик – ғалым.

Тұзды көлдердің тұзын өнеркәсіп мүдделеріне пайдалану

мүмкіндіктерін зеттеген ғалым.

Гипстен күкірт өндірген химик.

Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан ғалым.

Химияның құрылыс теориясын ашқан органик – химик.

Шешуі:

Химия. 2. Зинин. 3. Семенов. 4. Бародин. 5. Морковников. 6. Бекетов. 7. Менделеев. 8. Бутлеров

  1. Күмістей ақшыл, женіл металл.

  2. Мемлекет атымен аталатын элемент.

  3. Магнитті қасиеті бар металл.

  4. Сілтілік металл.

  5. Бағалы металл.

  6. Радоиактивті металл.

  7. Ең ауыр металл

  8. Оқтың құрамына кіретін металл.

Шешуі:

1. Магний. 2. Германий. 3. Темір. 4. Натрий. 5. Алтын. 6. Радий. 7. Қалайы. 8. Қорғасын.

1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған мемлекет.

2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент.

3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент (сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш , улы газ).

4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент.

5. Металдармен тікелей әректтесіп тұз түзетін элементтер.

6. Йодты 1811 жылы қай ғалым ашты.

7. 1886 жылы фторды ашқан химик.

8. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл.

9. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді.

10. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент.

Шешуі:

1. Германия

Астат

Хлор

Фтор

галоген

Бернер

Муассан

Йод

Хлорсутек

Бром

Сабақты бекіту: Әрбір оқушыға «Галогендер және олардың қосылыстары»

бойынша тест жұмыстары беріледі.

химия, кроссворд

 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Предыдущая статья«Веревочка»
Следующая статья«Курьер»