«БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА» (БИС) БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

0
1201
анимация

«БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА» (БИС) БІЛІМ БЕРУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Лисаков қаласындағы
№6 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Сатыбалдина К.Д
Оқыту сапасын көтеру – бүгінгі техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі. Ғалымдар мен мұғалімдерді осы мәселе қатты ойландырады. Қазақ педагогикасы мен мектебі алдында білім, тәрбие берудің тың жаңашыл бағыттары жолға қойылуда. Олар – оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру. Бұлардың барлығы жеткіншектерге жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне тәуелсіз ел талабы тұрғысынан қарау қажеттігінен туып отыр.
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты-мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда кез-келген педагогикалық ұжым өзіндік бағыт- бағдарын ұйымдастыру формаларын анықтайды. Елбасының «100 мактеп, 100 аурухана» бағдарламасымен салынған Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектеп Ақтөбе облысының білім басқармасының 2009 жылғы №320 бұйрығы қазақстандық ғалым Ф.Я. Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергитика» білім беру технологиясын қабылдады.
Ұстаздардың шығармашылық қабілетін ояту, дамыту, жас мамандарды шығармашылық әрекетке баулу үшін мектептерде шығармашылық топтар құрудың тәрбиелік мәні зор. Мектебімізде жаңа технологияға байланысты эталон мұғалімдерден құрылған шығармашалық топ жұмыс істейді.
Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Автордың жасаған қорытындысы бойынша оқыту сапасын басқару-оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Сонда ғана сапаның нақты көрсеткіштері көрінеді. Өлшем нормаларының бірі – тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні тәжірибеде дәлелденіп отыр. Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар құрылымын да ұсынған.
Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.
«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
– Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
– Тапсырма деңгейлеп беріледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30секунд уақыт беріледі.
Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек.
Қорыта айтқанда, «Биоақпараттық және синергетика» білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды.
Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын, ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ барлық пән бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен жоспарланады.
«БжС» технологиясындағы технологиялық карталардың мақсаттары:
1. «Алгоритм» картасы – білім түрлерін беруді мақсат етеді.
2. «Биоинтернет» картасы- біліктілік пен дағдыны тіл арқылы қалыптастыруды мақсат етіп, «Алгоритм» картасынан кейін міндетті түрде қолданады.
3. «Жаттықтырғыш» картасы – тақырыпты аяқтап, білім, білік дағдыны қалыптастыруды мақсат етеді және «Биоинтернет» картасынан кейін міндетті түрде қолданылады.
4. «Логика» – шығармашылық ойлауды және логиканы қалыптастыруға қолданылады. Сөйлем дағдысы және білім, білік дағдылары қалыптасқан жағдайда ғана жақсы жұмыс жасайды. Осы карта бойынша жоғары күрделілік деңгейдегі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік туады.
5. «Лидер» -аралас оқытуда көлемді материалды меңгеру үшін қолданылады.
6. «Ауызша сабақ» – 1,2,3, және «Әмбебап» картасы – гуманитарлық пәндер саласында оқу материалдарын меңгеруге арналған. Бұл технология бойынша ойлаудың барлық типін дамыту принципі берілген.
7. «КТС» ( Күншуақ,түймедақ,самалшық) картасы – күрделі,жоғары деңгей картасы. Оқу үрдісінде бала дамуының жоғары көрсеткішін көрсетеді.
8. «БАЖ» ( белгілі,арнайы,жаңа) картасы – әртүрлі ақпараттар ағымымен жұмыс жүргізу біліктілігін қалыптастырып,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады.
Осындай «БжС» білім беру технологисының 12 технологиялық картасы бар. Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар гуманитарлық пәндеріне де,жаратылыстану пәндеріне де негізделген.
«БжС» білім беру технологиясының ерекшелігі:
Мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады. Мұғалім – пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы
Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.Дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді Өзара қарым-қатынас қалыптасадыЖұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады. Бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады.Машықтандыру жаттығулары жасалады. Оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі
Сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;
Мұғалімнің сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.
Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор.
Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады.
Есеп шығарудың саны да, тапсырмалар көлемі де 3 есе артты.
Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жыламдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.
Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі- «Биоақпараттандыру және синергитика» педогогикалық технологиясы.
Қорыта келе, «Биоақпараттандыру және синергитика» педогогикалық технологиясы арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады.
1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтытуына кепілдік алады.
2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады.
3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.
4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі.