Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, түсініп оқу адамдық қасиеттерге үйрету 2. Ойлау, сөзжұмбақ, ребустар шешу арқылы тапқырлыққа баулу 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Көрнекіліктер: ребус, сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ: а) Кіріспе1. Сөзжұмбақ «Мақал», «Мәтел» шешу 2. Осы мақал-мәтелге ортақ қандай тақырып беруге болады? «Адамгершілік» б) мұғалімнің түсіндіруі Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін түсініп оқудың алдында қандай әңгімелер оқыдық?
Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс (түсіндіріп оқу)2. «Салақтық» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап.3. Автор туралы не білесің?
ІІІ. Қорыту «Тазалық – денсаулық кепілі» мәтінге сай құрылғанын дәлелде.Сен өзіңді қандай баламын деп ойлайсың? Өзің туралы айт.
ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау
Мақал-мәтелді талдау, бағалау.
Ү .Үйге тапсырма беру: 145-147 бетті түсініп оқу