№7-сарамандық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылауға арналған эксперименттік есептер Қауіпсіздік техникасын

0
642

Күні: Сыныбы:

№7-сарамандық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылауға арналған эксперименттік есептер

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныс.

1. Мұғалімнің айтуы бойынша тиісті нұсқаңды ал.

2. Берілген әрбір есепті түсініп оқып ал және есептерді шешудің жоспарын құр.

3. Жұмыс орныңда берілген құралдар мен реактивтер ішінен өзіңе қажетін таңда ал.

Назарыңда болсын!!! Әрбір оқушы нұсқаның біреуін орындайды.

1-нұсқа

1. Нөмірленген үш сынауықта: су, күкірт қышқылы, әкті су ерітінділері бар. Әрбір сынауықтағы заттарды эксперименттік жолмен қалай анықтауға болады?

2. Тәжірибе жасау арқылы, мыс(ll)оксиді–негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Құралдар мен реактивтер: Н2О, Н2SO4, Са(ОН)2, индикаторлар, СuO, сынауық, сынауық қысқыш, спиртшам, сіріңке.

2-нұсқа

1. Мыс және темір қоспасынан, мыс үгінділерін химиялық тәсілмен қалай бөлуге болады?

2. Мыс (ll) оксидінен – мыс (ll) гидроксидін тәжірибе жасау арқылы қалай алуға болады?

Құралдар мен реактивтер: Сu, Fe үгінділері, NaOH, Н2SO4,,екі стақан, сүзгі, сүзгі қағаз, шыны таяқша, қасық, сынауық қысқыш, сынауық, спиртшам, сіріңке.

3-нұсқа

1. Магний, магний оксиді, тұз қышқылы берілген.Магний хлоридін екі тәсілмен қалай алуға болады?

2. Берілген мыс (ll) оксидінен , мыс (l) хлоридін қалай алуға болады?

Құралдар мен реактивтер: Mg, MgO, HCI, 3-сынауық, шыны пластина, тигель ұстайтын қысқыш, спиртшам, қасық, сіріңке.

4-нұсқа

1. Әкті судың негіздік қасиет көрсететінін екі тәсіл арқылы дәлелде.

2. Кальций гидроксидінің ерітіндісі (әкті су) берілген. Кальций карбонатын, одан кальций хлориді ерітіндісін ал.

Құралдар мен реактивтер: Ca(OH)2,фенолфталеин, НСІ, СО2 газы, шыны түтік, сынауық,

Дәптерге: нұсқа нөмірін жазып, төменгі үлгіде таблицаны толтыр.

Есеп шарты

(қысқаша)

Бақылағаныңды және реакция тең- деулерін жаз

Қорытындысы.

Есіңде болсын!!! Жұмыс орныңды қалпына келтір, қолданған ыдыс аяқтарды жуып тиісті орнына тапсыр. Стол үстін сүртіп, жинастыр.

химия