№23. Сабақтың тақырыбы:Сақина

0
897

Мақсаты: Оқушыларды ертегіні түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету.Тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту.Адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілік: суреттер.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.«Ұр, тоқпақ!» ертегісінің мазмұнын сұрау. 2.Топтық жұмыс жүргізу.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындату.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1.Ертегіден халқымыздың тұрмыс салтын, әдет ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас болып келеді. 2. Ребус шешеу арқылы ертегінің атын табу. «Сақина».3. Ертегіні оқып, түсіндіру.4.Сөздік жұмысын жүргізу.5.Дәптермен жұмыс жүргізу.6.Ертегіні оқыту,7. іштей оқу. 8.тізбектей оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру. Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?/ Оқушылар өз тілектерін айтады/

ҮІІ. Қорыту. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерін

атап айтқызу.

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.ертегіні оқу, мазмұны 2.бағалау