№ 89. Тақырыбы: Көк кептер

0
922
явления

Мақсаты : Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : құстар суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі : сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тізбектей оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген? Бала қармағына не деп сөйледі? Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген? Тау етегі неге ұқсайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Көк кептер

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.а/ «Көк кептер» әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру. ә/ әңгімені оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

б/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: а/ сұрақтарға жауап алу Нүсіпбек қандай жағдайға тап болды? Оған ара түскен кім? Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың? Балалар көк кептерге қандай көмек жасауы мүмкін? ә/ Тапсырмаларды орындау,әңгімені рөлге бөліп оқу,мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы. б/ Жұмбақты шешу. в/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.

ҮІІ. Бекіту: құстар жайлы нақыл сөздер айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту.Бағалау.

М.Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?