№ 72. Тақырыбы: Апаның тілін алса егер.

0
839

Мақсаты: Бұл кім? Апаның тілін алса егер өлеңдерін оқып түсіндіру. Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Мейірімділікке тірбиелеу.

Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: « Ғылым таппай мақтанба» жатқа сұрау.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге шақырған. ә/ Өлеңдерді оқу талдау. б/ сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс: іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің?Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?

ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.өлеңдерді мәнерлеп оқу.2. Бағалау