Мақсаты: жаттығулар орындай отырып, заттың қимылын білдіретін сөздерді таба білу, сұрақтар қоя білу, өткенді еске түсіру. Сауатты көркем жазуға, байланыстырып сөйлей білуге баулу. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Типі : қайталау.
Көрнекігілі : суреттер, кеспе қағаздар
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Заттың қимылын білдіретін сөздер
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 23- жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздерді табу, сұрақ қою арқылы дәлелдеу.
ІІІ. Жаңа сабақ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу . Гг Гг Гг Гүл. Кім? Апа, аға, оқушы, Не? Парта, оқулық.
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер (мысалдар арқылы анықтап, дәлелдеу)
ІҮ.Бекіту: Жаттығулар орындау. 1) ауызша талдау: 24-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Нені білдіретінін анықтау.
Балалар ойнады. Жаңбыр жауды. Жапырақтар сарғайды. Әсел оқыды.
Өздігінен жұмыс. 25–жаттығу. Жатқа жаз, қимылды білдіретін сөздерді тап. ( бағады, шабады, сауады, қағады)
Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу ( 26- жаттығу).
Сергіту сәті .
Ойын « кім зерек ?»: 27–жаттығу Берілген сөз қай дыбысқа аяқталса, сол дыбыстан басталатын қимылды білдіретін сөздерді тап.
Үлгі: жолдас- секірме, есті, іл, лақтыр, …
Ү. Үйге тапсырма: 1. 28 –жаттығу . 2. Бағалау