№ 54. Тақырыбы : Ұлттық киімдермен танысу.

0
699

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдермен , мерекелік және дәстүрлерлі ойын сауық жабдықтармен таныстыру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а/ Әр халықтың өз салт-дәстүрі, киімдері бар. Киімдер мерекелерде киетін , қыз ұзатуда, жастардың, балалардың тсс… болып бөлінеді.

Соның ішіндегі қазақ халқының наурыз мейрамыда түрлі киім түрлерін көруге болады. ә/ Қазақтар үшін жыл басы – 22 наурыз. Жерге көк шығып, жыл құстары келіп, мал төлдеп, адамдар көктемгі егіске дайындалып жатқан кезде тойланады. Наурыз мейрамы үлкен салтанатпен өтеді. Суретке қарап қай кездегі жағдай екенін анықта.Тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ІҮ.Білімдерін тексеру. Киімдердің атын ата, қашан киілетінін айт.Қандай мейрамдарды білесіңдер? Наурыз мейрамы қандай мейрам

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?

ҮІ.Үйге тапсырма: Оқу, бағалау