№ 10. /2/Тақырыбы: Тұсбағар.

0
2647
литература

Мақсаты: Оқушыларға компас туралы түсінік беру. Компастың құрылысымен таныстыру. Есте сақтау қабілетін , зейінін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компас

әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Көкжиек және көкжиек сызығы

ІІІ. Білімдерін тексеру:Көкжиек туралы не білдік? Көкжиек сызығы деген не? Қандай тұстар бар? Аралықтары қалай аталады? Бағыт не үшін керек?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбымен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: Компас туралы түсінік беру. Компас – дөңгелек сағат тәрізді құрал. Оның ішінде жылжымалы тілі бар. Тілдің бір ұшы- көк, бір ұшы – қызыл.

Компастың құрылысы. Компасты пайдалану. /жолаушыларға, кемеге, ұшыққа өте керек құрал/. Оқулықпен жұмыс, іштей оқу, тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Көкжиек тұстарын немен анықтаймыз? Компас қандай құрал?

Қалай пайдаланамыз? Компас не үшін керек?

ҮІІ. Бекіту. Суреттерге талдау.

ҮІІІ .Үйге тапсырма: 1. 26-27 бет оқу, 2. бағалау.