3-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Ұзындықты өлшеу.Метр.
Мақсаты: Ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі метрді енгізу, оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән-жайымен таныстыру, ұзындықтың бірліктері м, дм және см-дің ара қатынасын тағайындау.
I.Ұйымдастыру сәті
Соғылды тағы қоңырау,
Қош келдіңдер сабаққа.
Қайталайық жаз бойы
Білгенің ұмыт қалмап па?
ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.
Ойын: «Тізбекті жалға»
III.Жаңа материалмен жұмыс.
-Сызғышты алып, олар жолақшаның ұзындығын өлшейді. Не айтасыңдар? 10см болатын іріленген ұзындық бірлігі қалай аталады? (1дм=10см)
Оқулықпен жұмыс
№2. Жолақшалар көмегімен мектеп тақтасының ұзындығын өлшейді. Осы мәселені шешу кезінде адамдар ұзындық бірлігі – метрді ойлап тапқаны айтылады.
1дм=10см
1м=10дм
1м=100см
№3. Оқушылар сынық сызықтардың ұзындығын өлшеп, дәптерге жазады.
-Сынық сызықтың ұзындығын өлшеу үшін не істейміз? (Қосамыз)
-Қандай қорытынды жасаймыз?
Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керек.
2см+1см+2см+1см=6см т.с.с.
№5. Есепті нұсқалар бойынша шығарады. Салыстыра талдаудың нәтижесі алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей графқа түсіріледі.
№6. Тақтада түсіндіріле отырып орындалады.
Рефлексия.
№4. Топтық жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлініп, ұсынылған тапсырмаларды орындайды. Өздері үшін жаңа сызықты анықтайды. (Сынық сызық)
Қорытындылау.
-Бүгін қандай өлшем бірлігімен таныстыңдар?
-Естеріңде не сақталды?
-Сынық сызықтың ұзындығын қалай өлшейді?
-Осы білім өмірде қажет бола ма?
Үй тапсырмасы. 9-бет. №6 (ә)