Сабақтың тақырыбы: Қысқы киім. Негізгі және туынды сын есімдер.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
негізгі және туынды сын есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен
жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: негізгі және туынды сын есімдерді меңгеру, қысқы киім туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2-тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Диалогты оқып, сын есімдермен толықтырыңдар.
– Қыста күн салқындайды, адамдар қалай киінеді?
– Адамдар жылы киінеді.
– Басына не киеді?
– Басына … тымақ киеді.
2 – тапсырма. Төмендегі сөздерге сын есімдерді қойып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.
Сын есім + зат есім
Үлгі: жылы тон.
Тон, аяқ киім, қолғап, тымақ, бәтеңке, етік, пима, бөрік.
Суреттермен жұмыс.
Қысқы киім суреттеріне қарап, сөйлемдер құрау.
Ережемен жұмыс
Сын есім тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді:
1. негізгі сын есім: әдемі, қатты, т.б.
2. туынды сын есім: қысқы, тәуелсіз, таулы, аудандық, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырма («Қысқы киім» тақырыбына шығарма жазыңдар)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау