Сабақтың тақырыбы: Қызық оқиға. Төл сөз.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
төл сөзді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: төл сөзді меңгеру, оқиға туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма («Болаттың белгісі» мәтінін мазмұндау).
Өздері таңдаған тақырыпқа диалог құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Қызық оқиға» мәтінімен топтық жұмыс.
1. мәтінді оқиды
2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды
3. мәтінді мазмұндайды
4. мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табады
2- тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді мағынасына қарай екінші бағандағы сөздермен
сәйкестендіріп жазыңдар.
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден төл сөзді тауып, тыныс белгілерін қойыңдар.
Ережемен жұмыс
Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз жеткізетін сөз.
Төл сөздің тыныс белгілері: 1. «Т.с.,» – а.с.
2. А.с.: «Т.с.»
3. «Т.с., – а.с, – т.с.»
4. А.с.: «Т.с,» – а.с.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1-тапсырма («Қызық оқиға» мәтінін мазмұндау).
Өздері таңдаған тақырыпқа төл сөзі бар әңгіме құрау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау