18-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қосу, азайту таңбалары. Өрнек.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Өрнек, қосынды айырма жайлы жалпы түсінік беру. Оларды ажыратып, мәнін таба білуге үйрету. Сонымен бірге алдыңғы сабақтарда алған білімдерін көрсете білуге баулу.
2.Дамытушылық: Заттарды қосу (заттар жиынын біріктіру арқылы )және азайту ( заттар жиынынан бөлікті бөліп алу арқылы) туралы түсініктерін қалыптастыру; математикалық өрнек туралы түсінік беру; өрнектерді таңбалардың көмегімен жазуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсідіру, сұрақ -жауап, іздену
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекіліктері: теңдіктер, өрнектер, суреттер.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық
Қатар -қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық
Жақсы болып сабақта
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа -нақ,
Дайындалдық бәріміз.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.
ІІІ.Тірек білімдерін пайдалану.
-Тақырыпты бастамас бұрын, өткенді қайталау.
«Кім жылдам?»
-Берілген сандарды дұрыс орналастыру.
– Сандарды кему ретімен орналастыру.
-Геометриялық фигуралардан жасалған үйдің бөліктерін дұрыс орналастыру. Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін Теңбіл бұғының суреті шығады.
Теңбіл бұғы бізге сиқырлы таңбалар әкеліп тұр. Бұл таңбалар арқылы сандар бірде кем, бірде артық бола алады.
ІV.Жаңа материалмен таныстыру. Екі топтағы заттарды біріктіру және заттар жиынынан заттар бөлігін бөліп алу бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі. Топтағы заттардың саны анықталады және орындалған амал аталады, сәйкес терминмен танысады. Мұғалім математикалық жазуды көрсетіп, оны оқудың үлгісін береді. Заттарды тақтаға (магнитті тақтаға) немесе жинақ полотносына орналастырып, мұғалім заттарды біріктіреді (мысалы, аквариумға балықтарды немесе себетке саңырауқұлақтарды қосады) және өзінің әрекетін түсіндіреді. Содан кейін математикалық жазу орындалады. Мұғалім түсіндіреді: «Мен біріктіріп қостым, «+» таңбасымен белгілеймін. Математика тілінде «өрнек» деп аталатын математикалық жазу пайда болды. Неше болғанын жазу үшін «=» таңбасын қоямын». Содан кейін жазуды дұрыс оқуды үйрету керек.
Мұндай жұмыс «азайту» амалын түсіндіргенде де жүргізіледі. Жиынның бөлігін бөліп алып, мұғалім өрнекті және оның мәнін жазады. Жазуды, оқуды үйретеді.
V.Оқулықпен жұмыс .
№1 тапсырма ауызша жаттығуларға ұқсас орындалады. Жаттығуды орындау барысында «1+1», «2-1» түріндегі жазулардың өрнек деп аталатынын түсіндіру қажет.
1 +1 = 2 -бұл теңдіктер 2- 1 =1
1+ 1 -бұл өрнектер 2-1
2 -өрнектердің мәні 1
Бұл сабақта мұғалім белгілі бір амалдарға сәйкес математикалық өрнектер құру бойынша жұмыс ұйымдастырады. «Саматта 2 кәмпит болды, оған тағы 1 кәмпит берді» деген сияқты тапсырмаларды ұсынуға болады. Мұғалім санау материалдары көмегімен өрнектер құрастыруды, бұдан кейін өрнек бойынша нақты жағдайларды ойластыруды ұсынады. Алынған жазуларды оқығаннан кейін мұғалім оқушылардың сөздік қорына «өрнек», «өрнектің мәні» деген терминдерді енгізеді. Оқи алатын оқушылар оқулықтан оны оқуына болады.
№2 тапсырманы орындау кезінде балалар құрастырылған өрнекке сурет таңдаулары керек. Балаларға санау материалдарының көмегімен өрнектерді иллюстрациялап көрсетуді ұсынуға болады.
VІ.Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Демінді ішке тез алда.
Емін -еркін тыныста.
Сол қолынды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
VІІ.Дәптермен жұмыс 28-29 бет
№1 тапсырма цифрлар мен белгілерді жазуға жаттығуға арналған.
Балалар комбинаторлық мүмкіндіктерін дамытуға берілген тапсырмамен (№2) алғашқы рет кездеседі. Мұғалім суреттерді бояудың түрлі тәсілдерін жеңіл табуға болатын тәртіпті түсіндіреді: «Қарындаштардың түсі қандай? Бірінші, екінші, үшінші қарындаштардың орнын ауыстырамыз. Енді бірінші орынға көк қарындашты қоямыз, қалған екеуінің орнын өзгертеміз т.б.»
Оқулықтағы №3 тапсырма «дәптерге орында» шартты белгісімен берілген. Бұл тапсырманың сәйкес белгілердің жазу дағдыларын қайталағаннан кейін ұсынған жөн. Балалар мынадай қорытынды жасауы керек: «Қосу кезінде нәтиже қосатын саннан артық болады».
Өтілген материалмен жұмыс.
VІІІ. Оқулықпен жұмыс.
№4 тапсырмада ит пен оның үйшігі бейнеленген . Балалар осыған ұқсас басқа торкөздерге не бейнелеу керек екенін айтады.
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақта