Қосу мен азайту 23+2 25-2

0
666
английский

30-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 23+2 25-2

Мақсаты:Бірліктерге бірліктерді қосуға және бірліктерден бірліктерді азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізуі амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.

I.Ұйымдастыру сәт


  1. Тірек білімді еске түсіру

Сан қатары.

Цифрлы кеспелермен жұмыс ұйымдастырылады.

-Келесі санды атаңдар: 23 25 35 57 69 72 84 99

-Алдыңғы санды атаңдар: 20 30 40 60 80 90 100

-Көршілерін атаңдар: 65 69 89 73 82 91

Берілген сандардың барлығын кему ретімен орналыстырып,одан 5 бірлігі бар екі таңбалы сандардытеріп жазады және оны қосынды түрінде жазады.

III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтың түсіндірме мәтінімен жұмыс жүргізіп, сурет бойынша қосу мен азайту әдістерін түсіндіреді, қорытынды жасайды.

Бірліктерге бірліктерді қосады.

Бірліктерді бірліктерден азайтады

№2. Мұғалімнің басшылығымен тақтада әр амалды түсіндіріп,шығарылуын қадамдап орындайды.

№3. Бірінші бөлігі математикалық диктант түрінде жүргізіп, жұппен өзара тексеріп, қателерге талдау жасалынады. Екінші бөлігін тақтада талдап, негіздеп шығарады.

№4. Мәтінді нұсқа бойынша есепке айналдырып, алдыңғы сабақтардағыдай граф құрып, талдап, орындайды. Есепке кері есептер құрып, өз беттерімен орындайды.

Рефлексия.

№5. Сандар қатарын жазып, топқа(ондық,бірлік) бөледі.

Үй тапсырмасы. 54-бет. №6