53 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару; кестелік қосу және азайтуды тиянақтау
Білімділік: амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру,кестеден
жағдайларда ауызша қосуға және азайтуға байланысты біліктерді
қалыптастыру .
Тәрбиелік: сабаққа белсенділікке, шапшаңдыққа баулу
Дамытушылық: Ойлау,зейінін, есте сақтау, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды
шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту .
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, ойын, сұрақжауап, ішінара ізденушілік
Қажетті құрал –жабдықтар: тақта, оқулық, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру.
ІІ. Қатемен жұмыс.
Бақылау жұмысында жіберілген қателерге талдау жасау. Қатемен жұмыс жасату.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
а) қызықты есептеулер:
-Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
-Ертайдың бірнеше жаңғағы бар, ал Ақтайда одан 2-еуі артық. Оларда барлығы 6 жаңғақ болса, әр балада неше жаңғақ бар?
Серік пен Дулат ыдыстағы жаңғақты 3-тен бөліп алайын десе, бір жаңғақ жетпейді. Ыдыста неше жаңғақ болған?
ә)Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Есептің шарты, сұрағы оқылады.Қысқаша жазу орындалады.
Қатысқандар -32 (о)
Келгендер -? 10 қыз және 20 ұл
Келмегендер -?
-Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Неліктен?
-Өйткені келген оқушылардың жалпы санын білу керек . Ол үшін 10+20 жазуы орындалады.
-Сонда есеп неше амалмен орындалады?
-Есеп екі амалмен орындалады, Өйткені екі сұрақ бар.
32- (10+20) =2 Жауабы : 2 оқушы хорға келмеген.
Осы есепті әр түрлі тәсілмен шығару талап етіледі.
(32 -10 )-20 = 2
(32 – 20)- 10 = 2
№2 тапсырма өз беттерінше орындауға беріледі.
Үйірмелерге қатысқаны-16
Қобызға – 2 Оқушылар өз пікірлерін дәлелдейді: 2+4 –екі үйірмеге қатысқан оқушы саны
Сырнай – 4 16- (2+4) домбыраға қатысқан оқушы саны
Домбыра-?
Ш: 16-(2+4) =10
( 16-2)-4 = 10
(16-4)-2 = 10 Ж: домбыраға 10 оқушы қатысады.
ІV. Сергіту сәті
Бір аттайық, екі аттайық
Орнымызда айналайық.
Бір аттайық, екі аттайық
Қарлығаш боп ұшайық.
V. №3 тапсырма жазбаша орындалады. Жазулар дұрыс болатындай етіп, керекті жақшаны қойып жазу. Ауызша тексеру.
(13+6) -2 =17 17-(2+3)= 12 (17-2)+3 = 18 16-(2+2)= 12
№ 4 Амалдар таңбаларын және жақшаларды қой:
50 40 20 = 70 20 10 80 = 90
30 3 60 = 93 75 4 30 = 49
96 40 6 = 50 78 50 10 = 18
VІ. Бекіту №6 тапсырма орындалады.
Жасыл қоршаудағы тапсырманың жауабы:
А- «3», Е-«4», Т- «5»
Үлестірмелі карточкалар арқылы кестеден қосу , азайтуға мысалдар орындатылады(ауызша)
VІІ.Үйге тапсырма: №5 95-бет
VІІІ. Бағалау.