Білімділік: Қазақстан жерінің орта ғасырда зерттелуінің сипаты, ерекшеліктері, мақсаты, зерттеуші ғалымдар, зерттелмеген географиялық нысандар туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Орта ғасырдағы және қазіргі географиялық карталарды салыстыру, қорытынды жасау.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әртүрлі дәуірдегі карталары
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1.Ұйымдасты-ру кезеңі |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. |
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. |
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. |
1) Ерте кезде Қазақстанның жерін қандай ғалымдар зерттеген? 2) Олар қай жерлерді сипаттаған? 3) Ұлы Жібек жолының неше бағыты бар? 4)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтеді? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді: 1. 2 |
4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі. |
1) Орта ғасырлардағы зерттеулердің жүргізілу себептеріне және оған үлес қосқан зерттеушілерт туралы шолу 2) Әбу Наср әл-Фараби зерттеулері мен еңбектері 3) Махмуд Қашқаридің зерттеулері мен еңбектері 4) Қытай саяхатшыларының зерттеу жұмыстары 5) ХІІІ ғасырдағы еуропалық саяхатшылар мен елшілердің зерттеулеріне тоқталу. |
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі |
Орта ғасырдағы зерттеушілердің жүрген жолдарын кескін картаға түсіру. |
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі |
1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері 3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар? |
|
7. Бағалау кезеңі |
Оқушылар сабақтағы белсенділігіне және картамен жұмыс істей білуіне қарай бағаланады. |
|
8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
6 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне орта ғасырлардағы географиялық деректерді енгізу |