Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ғаламтор құрамының элементтері » тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2.Жазылым- 3- тапсырмадағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Мәтінді әңгімелеңдер.
Журнал – сіз… Интернетте жасаған саяхатыңыз… барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Интернет Explorer сіздің Интернет… жасаған әрбір қадамыңыз… өз бетімен тіркеп отырады. Сіздің кіріп- шыққан веб- торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар журнал қалтасы… сақталып тұрады.
1. Тірек сызбаны пайдалана отырып, әңгіме құрастыру:
IV. Жаңа сабақты бекіту: Төмендегі сөздер мен сөз тіркестетерінің аудармаларын анықтаңдар.
Сөздер мен сөз тіркестері
Аудармалары
1.байланыс жасау
2 телефон желісі
3.көмек
4 басқару
5.айтуға болады
1.можно сказать
2.управлять
3.телефонная связь
4.помощь
5.связываться
V. Сабақты қорыту: Сұрақтарға жауап беру:
– Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңдар.
– Электронды поштаның атқаратын қызметі қандай?
– Браузер деген не?
– Журнал қандай мүмкіндік беретін жүйе?
– Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді атаңдар.
VI. Үй тапсырмасын беру: 245-бет 4- тапсырма мазмұндау
VII. Бағалау. Рефлексия