Қазақ тілі туралы. Буын.

0
772
физика

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі туралы. Буын.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, үш жақты күнделік

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тірек-сызба

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: буынды меңгеру, қазақ тілі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді еске түсіріп, пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Үш жақты күнделік

Білемін Білгім келеді Білдім

(Қазақ тілі туралы не білетіндері мен білгісі келетіндерін сұрау)

мемлекеттік тіл қазақ халқының ана тілі

түркі тілдер тобына жатады Қазақ тілі өте бай тіл

құжаттар осы тілде жазылады Тіл туралы Заң

1 – тапсырма. Тірек-сызбаның көмегімен қазақ тілі туралы әңгіме дайындау.

2 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазу.

Ережемен жұмыс

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша дыбыс болады. Мысалы: а- та, құ-мырс-қа, та-сы-мал, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырманы орындау. «Қазақ тілінің болашағы» тақырыбында әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау