№92.Тақырыбы: М. Дулатов .Ешкімге жауыздық қылма. Ә. Дүйсенбиев Атай

0
982
информатика

Мақсаты: Ешкімге жауыздық қылма әңгімесін оқып, бай мен кедейдің арасындағы жағдай туралы түсінік бере отырып, көре алмау, қызғаншақтық жайлы айту. Атай өлеңін оқи отырып, жасы үлкен кісіні қалай құрметтеу жайлы түсінік беру.Мәнерлеп оқуға, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Адамгершілікке, кішіпейілділікке , ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : оқулық. М.Дулатов суреті, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру Мен қалай оқуға бардым. Екі балықшы. Ата насихаты

ІІІ. Өткенді пысықтау. А.Байтұрсынов кім? Оның оқуға баруына кімнің әсері тиді? Екі балықшының керісуі дұрыс па? Ата балаларына қандай өсиет айтты?

ІҮ Мақсат қою кезеңі: М. Дулатов Ешкімге жауыздық қылма Ә.Дүйсенбиев Атай

Ү. Жаңа сабақ: а/ М.Дулатов – Торғай облысындағы Сарықопа деген жерде дүниеге келген. Ол ақын, жазушы, педагог. Ол жастарды білімге шақырды. ә/ Ешкімге жауыздық қылма әңгімесін оқып, түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс Күндеу – көре алмау в/ Атай өлеңін оқып, мазмұнын ашу. г/ Дәптермен жұмыс

. 1. Үлкенге құрмет, кішіге –ізет. 2.Үлкеннің алдын кесіп өтпе, оған жол бер.ғ/ Сергіту сәті.

ҮІ. Білімдерін тексеру «Ешкімге жауыздық қылма» әңгімесін оқыту. Ііштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу,«Атай» өлеңін мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу. Әңгімеге кімдер қатысқан? Тіленші байға неліктен кектенді? Байдың басына қандай күн туды? Тіленші сертін неге орындай алмады? Тапсырмаларды орындау. Байға мінездеме бер. Мәтіннен Тіленшінің сертін тауып оқу

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік?

ҮІІІ.Үйден: Оқу, өлеңді жаттау.Бағалау.