Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, мәнерлеп,, нақышына келтіріп оқуға үйрету 2. Тауып оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге дағдыландыру. 3. Мәдениетке, мейірімділікке, түсінушілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, сызба
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ.Өткенді сұрау: Қалай амандасу керек?Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ: а) Кіріспе Сендер қалай ойлайсыңдар, «даңғой» деп қандай адамды айтады? б) мұғалімнің түсіндіруі Пысықтау: Өндірмесе дәнеме, Мақтанғаннан не пайда? 1. Кітаппен жұмыс Мәнерлеп, түсініп оқу2. Қарияның сөзін тауып оқы 3. Сызбаны толтыру. 4. Қиярдың сөзін тап. Қияр қандай күйге ұшырады? Мысалдың негізгі ойын тап
ІҮ. Қорыту: Ойланып жауап бер.
Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру: 152-154 беттерді мәнерлеп оқу