№ 75. Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. (330-334 жаттығу.)

0
1212

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, жұрнақ пен жалғау жайлы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйретуТілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : арнайы кесте бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 329-жаттығу.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Түбір сөз деген не? Түбір сөзге не жалғанады? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: жұрнақ пен жалғау.

Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.а/ 330 – жаттығу. Қосымшаны сөзге қосып айт, өзгерісін байқа, салыстыр. Олардың мағыналары әр түрлі екенін түсіндір. Сөзге сұрақ қой. Бұл сөздер неліктен әр түрлі сұрақтарға жауап беретінін дәлелдеп көр.ә/ 331-жаттығу өзбетінше орында. Түбір сөз бен қосымшаны сөз мағыналарының өзгергенін аңғар. Ережені оқу. Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.

ҮІ. Білімдерін тексеру. 332-жаттығу. Жұрнақтар жалғап сөйлем құра.

Сергіту сәті.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Қосымша нешеге бөлінеді? Жұрнақ деген не? Жалғау ше? 333-жаттығу дәлелдеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 334 – жаттығу.Бағалау.