№70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)

0
1192
литература

Сабақтың мақсаты : 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.

2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап

жеткізуге дағдыландыру.

3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.

Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы .

I. Ұйымдастыру кезеңі .

1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе .

-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?

2. Мұғалімнің түсіндіруі.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс

шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.

Мысықтан қорқады,

Түнде жортады. ( тышқан )

Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған. ( мысық )

– Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.

3. Оқулықпен жұмыс. – Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.

Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.

Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?

4. Дәптермен жұмыс . – жұмбақты жатқа жазу.

Жаңа сабақты бекіту. – Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.

– Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.

– Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?

Қорыту.

Суретпен жұмыс.

Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.