№7– практикалық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау тақырыбына эксперименттік есептер.

0
1227
анимация

Күні: Сыныбы;

Сабақ тақырыбы : №7– практикалық жұмыс.

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау тақырыбына эксперименттік есептер.

Оқыту мақсаты . Оксидтер,негіздер,қышқылдар,тұздар жайлы алған білімді бір жүйеге келтіру және оқушылардың дағдысын, біліктілігін, тірек білімін химиялық эксперимент арқылы қалыптастыру.

Құралдар мен реактивтер: Магний, темір, кальций, магний оксиді, темір (ІІІ) гидроксиді, тұз, күкірт, азот қышқылы ерітінділері, индикаторлар, тұрғылар, сынауықтар, қстағыштар, химиялық стақандар, ыдыстар.

Ескерту. Қышқылмен, сілтімен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтау қажет.

1 – есеп Кальций оксидінен кальций гидроксидін; мыс (ІІ) оксидінен мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар.

2 – есеп. Үстелде берілген заттарды пайдаланып, кальций карбонатын алып, оны қоспа дан тазартуды іске асырыңдар;өзгерістерді тәжірибе жүзінде іске асырып, реакция теңдеулерін жазыңдар: FeCI3 → Fe(OH)3 → Fe2 (SO4)3
3 – есеп.
Тәжірибе арқылы: а) мыстан; ә) мыс (ІІ) гидроксидінен, мыс (ІІ) оксидін алып, оның негіздік оксид екенін дәлелдеңдер.

4 – есеп. Үстелде берілген:PbO, Pb(OH)2, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, қорғасын сульфатын алыңдар және оны қоспадан тазартыңдар.

5 – есеп. Мыс (ІІ) гидроксиді, тұз қышқылы берілген. Мыс (ІІ) оксидін және мыс (ІІ) хлоридін алыңдар.

6 – есеп. Үстелде бар Mg, MgO, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, екі әдіспен магний сульфатын алыңдар.

7 – есеп. Үстелде бар темір, темір (ІІІ) оксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылдарын пайдаланып, темір (ІІ) және темір (ІІІ) тұздарын алыңдар.

8 – есеп . Берілген үш сынауықта: а) күйдіргіш натр, күкірт қышқылы, су. Қай сынауық- та қандай зат бар екенін анықтаңдар; ә) үстелден мыс (ІІ) оксидін тауып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелдеңдер.

9 – есеп. Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш калий және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықтаңдар.

10 – есеп. Екі оксид: P2O5 және CaO берілген. Бірншісі – негіздік, екіншісі – қышқылдық оксид екенін дәлелдеңдер.

11 – есеп. Ерімейтін оксид СuО негіздік оксид екенін, СО2 қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдуге болады?

Осы аталған эксперименттік есепті іске асыру үшін оқушылар деңгейлік тапсырманың үш нұсқаға бөлінген үлгісін төмендегідей етіп орындағаны дұрыс.

І нұсқа: 1,3,6 – есеп ІІ нұсқа: 2,4,8 – есеп ІІІ нұсқа: 3,7,9 – есеп

Немесе екі есептен орындауға болады:

І нұсқа: 1,6 ІІ нұсқа: 2,8 ІІІ нұсқа: 3,4

Бұл сабақ оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалануға негізділгендіктен төмен- дегі жоспар есте болсын.

1. Эксперименттік есепті ретімен біртіндеп орындау қажет.

2. Әр тапсырманы түсініп, қай заттар (реактив) пайдаланылады және оның нәтижесі қандай болатынын болжай білген дұрыс.

3. Тәжірибе орындау кезінде байқалатын өзгерістер мен түрлі құбылыстарды бақылаған жөн.

4. Жұмысты аяқтаған соң оқушы тәжірибе нәтижесін кестеге сүйеніп, дәптерге толтырады.

Тәжірибенің аты

Әрекеттесуші реагенттер

Байқалған құбылыс

Реакция теңдеуі

Қорытынды

Үйге тапсырма: Қайталау.

химия