Сабақтың мақсаты: 1.Дұрыс, түсініп, дауыс ырғағын, интонациясын келтіріп оқуға
үйрету.
2. Шығарманы жазған жазушы жайлы білуге, ойын толық баяндап
жеткізуге, теріп оқу, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу.
Көрнекілігі. С. Көбеевтің суреті, сызба, сөздік.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі |
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ мақсатымен таныстыру. |
ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе.
а) -Бүгінгі сабақта біз келесі бір « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімін оқимыз.
-Балалар, сендердің үйде аталарың, әжелерің бар ма?
– Сендер ол кісілерді қалай көресіңдер? Кім айтады?
-Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтың « Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен ?
-Кәне жаттап көрелік.
ә). Балалар, мына нақыл сөзге көңіл бөліп көрелік: « Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер ». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
– Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы нақыл сөзге құрылған әңгімені түсініп оқып көрелік. Мәтіннің авторы-Спандияр Көбеев
– Ол кім? Сызба бойынша кім түсіндіріп береді?
3. Оқулықпен жұмыс. – ( жалғастырып, түсініп, шапшаң оқу)
Рөлмен оқу. Теріп оқу.
4. Сөздік жұмыс. (дәптерге жазу)
– Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер
– « Аяқ » деген сөз нені білдіреді? Қай сабақта біз осындай сөздер жайл оқыдық? (қазақ тілінде) Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.
2. Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.
3. Жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.
ІҮ. Қорыту.
– Қандай бөлімді оқыдық?
– Бүгінгі сабақтан не білдік?
– Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Ү.Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау .